SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, отандық әнші Кенжебек Нұрдолдай кеше бірінші әйелінен туған баласын растау үшін ДНҚ тапсырған болатын. Өнер иесі "Көреміз" бағдарламасында ол бүгінгі таңда екінші рет үйленгенін ашып айтты, деп жазады kaz.nur.kz жазды.
Әншінің айтуынша, ол қазіргі әйелімен қажылықта танысқан.
"Қазіргі жұбайыммен Меккеде таныстық. Умраға кеткен кезде Жәмилиямен ұрысып қалған едік. Сол уақытта мен дереу отбасын құрғым келді. Дұға жасадым. Дұға жасағаннан кейін менің қазіргі әйелім аудиожазба жазып жіберді. Дауысы ұнағаннан кейін мен уәли шақыртып, ол жайлы біле бастадым. Уәли арқылы отбасы құруға ниеттендік. Екі кездесуді қажылық кезінде өткіздік. Ал осы жаққа келгенде шу болды", - деді әнші.
Кенжебектің қазіргі әйелі де бағдарламаға келіп, әншімен қалай танысқанын айтып берді.
"Осыдан бір жыл бұрын Умраға барған болатынмын. Ол жерде SMM маманы ретінде, жұмыс барысымен бардым. Сол кезде жұмыстың тапсырмасымен әнші, жұлдыздармен сұхбат алып, видео салуым керек болды. Сол кезде бәріне жазып шықтым. "Сәлеметсіз бе, Кенжебек мырза! Сізбен аль-Харам мешітінде видео түсіріп қайтсақ болады ма?" деп аудиожазба жібердім. Бірақ видео түсіруге бара алмадым. Бұл кісі менің дауысымды ұнатып қалып, сол жақтағы ағам мен әпкемді араға салды. Сезімін білдіргеннен кейін арамызға үшінші адамды қосып, сөйлестік. Бірінші кездесуіміз - Меккеде, екінші кездесуіміз - Мединада болды. Бұл кісі бірінші кездесуде-ақ "Менің саған үйленетін ниетім бар. Ұзақ жүргім келмейді" деп айтқан болатын. Елге келгенде, жұмыс орынымда үлкен кикілжің болып, өте қатты күйзеліске түстім. Бұл кісіге "Жоқ. Уақытыңызды алмайын" деп ұсынысынан бас тарттым. Сөйтіп өз өмірімді сүре бердім.
Меккеге барған кезде де "Бір қызбен қарым-қатынас болды. Бірақ қазір айырылысып кеттік" деген болатын. Бұл кісі бас тартсам да, өз әндерін жіберіп жүрді. Жұмыстағы дау басылды. Сол кезде осы кісіге бір мүмкіндік берсем деген ой пайда болды. Сосын "Сізге мүмкіндік беріп көрейін деп едім Менде қазір бәрі жақсы. Сізде қалай? Сөйлесіп көрейік" деп жаздым. Маған үйленейін деп жатқанын айтты. "Үйленейін деп жатырмын. Ренжіме" деді. Мен ол менің адамым емес шығар, талпындым, қайыры жоқ шығар дедім. Солай арада 4 ай өткенде бұл кісіні түсімде көріп, жаздым. Кенжебек "Қиын жағдайда жүрмін. Бақытсызбын" деп айтты", - деді әншінің қазіргі жұбайы.
Ал Кенжебек Нұрдолдайдың айтуынша, оның қазіргі әйеліне сиқыр жасалған. Әншінің қазіргі әйелінің ауырғанына екі айдан асқан.
"Эфир алдын екі күн бұрын көліктен секіріп кеткісі келді. Келіншегім өзіне қол жұмсағысы келіп, суицидтік ойлар мазалайды. Ұстазға алып барғанда, қара, күйік сияқты бірнәрсе құсты. Тамақ емес. Оның бәрі бір Алладан. Осы жерде ешкімге кінә таққым келіп тұрған жоқ.
Менің ойымша, Жәмилияның қатысы болмаса да, жанындағы Камилия таролог дегеннің қатысы болып тұр ғой. Сонымен сұхбат өткізген. Әйелім үйде диванды аударып, ыдыстарды сындырып, Құран кітабын аударып тастаған. Үйде ыдыстан-ыдыс қалмады", - деді Кенжебек.
Бағдарлама барысында Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелінің танысы Камилия студияға келіп, өзінің бұл сиқырға қатысы жоғын және Жәмилиямен тек желтоқсан айының 14-де ғана танысқанын айтты.
Еске сала кетейік, кеше Кенжебек Нұрдолдай бұрынғы әйелінің айтқанын жоққа шығарып, оны ұрмағанын айтқан болатын. Өнер иесі үйленбегені жайлы жалған ақпарат таратқанын айтып, бірінші әйелі мен оның ата-анасынан кешірім сұрады. Сонымен қатар әнші бірінші әйелінен туған баланың өзіні екенін растау үшін ДНҚ сараптамасын тапсырды. ДНҚ нәтижесі бойынша әнші мен кішкентай нәрестенің қан сәйкестігі 99,97 пайызды құрады.