"Түнде бөтен еркектер хабарласады": Телефон нөмірі фильмде тоқал ретінде көрсетілген әйел көмек сұрады

12.02.2024, 14:58
1391
"Түнде бөтен еркектер хабарласады": Телефон нөмірі фильмде тоқал ретінде көрсетілген әйел көмек сұрады caravan.kz

Отандық фильмдердің бірінде тоқал болатын қыздың нөмірі ретінде 5 балалы ананың ұялы телефон нөмірі айтылған.

Caravan.kz медиа порталының хабарлауынша, журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, кинодағы бұл қателік бір отбасының шырқын бұзғалы тұр.

"Күйеуіме тоқал іздеймін. Дәл осындай атаумен фильм бар екен, өзім көрмедім. Дегенмен, осы фильм кесірінен бір отбасының шырқы бұзылып, ажырасу алдында тұр. Фильмде тоқал болатын құрбылардың тел. нөмірін сұрайды, ол 874763419.. деп айтады.

Сөйтсек, өмірде ол нөмір 5 баланың анасы Қарлығашқа тіркелген екен. Енді киноны көрген әр еркек қызық үшін осы нөмірге хабарласуда. Шырт ұйқыда жатқан ерлі-зайыптылар шошып оянып, айрандай ұйыған отбасының шырқы бұзылуда. Жаныңдағы әйеліңнің телефоны түнімен безек қағып, ар жақтан біреу “Қарындас, танысайық” деп тұрса, қай еркек жақсы көрсін?!

Фильм түсірушілердің өмірде бар, өзгеге тиесілі байланыс нөмірін үлкен экранда атап көрсетуі қаншалықты заңды? Жеке өмірге қол сұғу деген бап бар емес пе заңгерлер? - деп жазды журналист.

Ал телефонына тыным болмаған Қарлығаш Гүлмира Әбіқайдан көмек сұраған.

"Қазақстанда күйеуіме тоқал іздеймін деген түсірілген екен. Сол кинода тоқалдыққа әйел іздейді және менің нөмірімді береді. Маған түнде бөтен еркектер танысайық деп хабарласып, мазамды алып жатыр. Менің 5 балам мен күйеуім бар. Осы киноның арқасында үйде күнде жанжал", - делінген киногерлердің қателігінен зардап шеккен әйелдің хатында. 

Фильм продюсері бұл мәселені шешуге ешқандай әрекет жасамаған көрінеді. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды