Қонаевта көпқабатты үйден шыққан өрттен кейін 5 бала ауруханаға жеткізілді

13.02.2024, 12:59
962
Қонаевта көпқабатты үйден шыққан өрттен кейін 5 бала ауруханаға жеткізілді Алматы ТЖД

Қонаевта көпқабатты үйден шыққан өрттің салдарынан 5 бала улы газбен уланып, ауруханаға түсті.

 

Қонаев қаласы көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, газдан уланудың жеңіл дәрежесі бойынша 5 бала ауруханаға түскен.

Олар — 2017, 2019 жылы туған қыздар мен 2014, 2020, 2022 жылы туған ұлдар.

«Толық тексеруден кейін балалардың үшеуі үйіне жіберілді, екеуі ауруханаға жатқызылды. Жатқызылған науқастардың қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі», — деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 12 ақпан күні Қонаевта балалардың отпен ойнауынан пәтер ішінен өрт шыққан. 

«Оқиға орнында кір жуғыш машина мен ас үйдің қабырғасында түсқағаздың, жалпы ауданы 3 шаршы метр жатын бөлмедегі кереуеттің өртенгені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, балалардың отпен ойнауынан өрт шыққан», — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД. 

Қызыл жалын сағат 18:35-те сөндірілді.

Тұрғын үйден 19 адам, оның ішінде 8 бала өз бетінше эвакуацияланды. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды