Таразда жасырын орындарға есірткі қоюмен айналысқан қыз 15 жылға сотталуы мүмкін

13.02.2024, 19:33
914
Таразда жасырын орындарға есірткі қоюмен айналысқан қыз 15 жылға сотталуы мүмкін polisia.kz

Таразда есірткі қойып кетумен айналысқан қыз 15 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі жазды.

 

Тараз полицейлері синтетикалық заттарды жасырын орындарға қойып кетіп жүр деген күдікпен 26 жастағы қызды ұстады. Оның жалдамалы пәтерінде тінту жүргізгудің нәтижесінде ірі кристалды ұнтақ заты бар 6 zip-пакет табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес күдіктіден 12,75 грамм мефедрон және 95,31 грамм альфа-РVP тәркіленді. Пәтерден таразылар мен қаптауға арналған әртүрлі заттар табылды.

26 жастағы қыздың айтуынша, ол есірткі бизнесі саласына қаржылық мәселелерге байланысты түскен. Бастапқыда ол өзі пайдалану үшін «синтетика» сатып алған. Содан кейін қаржылық қиындықтарға тап болған кезде жасырын орындарға есірткі қойып кетіп, қосымша ақша табуды шешкен.

 

«Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 108,06 грамм болды. Жеңіл пайда табу үшін қыз психотроптық заттарды байланыссыз сатуды ұйымдастыруға шешім қабылдаған. Схема қарапайым болды – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және арнайы жасырын орындағы тауар. Ол есірткінің ірі партиясын арнайы жасырын орындардан алып кетіп, содан кейін оларды бір дозаға шақтап өлшеп, буып-түйіп, одан әрі сатумен айналысқан. Күдікті қылмыстық топтың басқа өкілдерімен тек әлеуметтік желілер арқылы сөйлескен. Полицейлер қылмыстық әрекетке қатысы барларды анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады