«Рэкетир» жұлдызының Джеки Чанмен түскен суреті желіні шулатты
Саят Исембаев үшін Джеки Чанмен кездесудің орны бөлек екенін айтып, оған деген құрметін білдірді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер, «Рэкетир» фильміндегі рөлімен танылған Саят Исембаев әлеуметтік желіде әлемдік кино жұлдызы Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантты.
Суретте қос актер қатар тұрып, камераға күлімдеп қараған. Исембаев үшін бұл кездесу ерекше болғанын жасырмады. Оның айтуынша, Джеки Чанның фильмдерін бала кезінен көріп, өнеріне тәнті болып өскен.
Актер әлеуметтік желідегі жазбасында Джеки Чанды әлемдік киноның аңызы деп атап, оған деген құрметін білдірді.
Фотосурет 11 тамызда түсірілген. Алайда Саят Исембаев оны әлеуметтік желіде жариялауды біраз уақыт кейінге қалдырған.
Жарияланым көп ұзамай желі қолданушыларының назарын аударды. Комментаторлар актерлерді «екі жұлдыз» және «екі аңыз» деп атап, әзіл ретінде Джеки Чанның «Рэкетир» фильмінің төртінші бөлімінде пайда болуы мүмкін екенін жазды.
Айта кетейік, биыл Джеки Чан Қазақстанға «Құдайдың сауыты 4: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне қатысу үшін келген. Картинадағы түсірілім жұмыстары Маңғыстау облысында өтіп жатыр. Актер 14 шілдеде өңірге арнайы келген.
Қазақстанда болған кезінде Джеки Чанның Ақтауда рэпер Miyagi және әзілкеш Нұрлан Сабуровпен бірге кешке қатысқаны да байқалған. Сондай-ақ актер үшін түсірілім кезеңінде тұруға және жұмыс істеуге қажетті жағдайы бар арнайы VIP-автокөлік дайындалған.
Материал авторы