169

Ақбота Сейтмағамбеттің жаңа суреттерін жариялап жұрттың талқысына қалды

Қазақстандық әнші әрі актриса әлеуметтік желідегі жаңа фотосессиясында ерекше образымен көрінді.

Ақбота Сейтмағамбеттің жаңа суреттерін жариялап жұрттың талқысына қалды
instagram.com/akbotanurabaykyzy

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жаңа фотосессиясынан бірнеше сурет жариялады.

Өнер иесі Instagram парақшасында рубин түсті ұзын көйлекпен түскен фотоларын көрсетті. Ашық иықты сәнді киім мен үйлесімді макияж оның жаңа образын айқындай түскен.

Ақботаның жарияланымы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Жанкүйерлері оның жаңа келбетіне қатысты жылы пікірлерін білдіріп, актрисаның образын жоғары бағалаған.

Өнер иесі жарияланымына әзілге құрылған қысқа жазба қалдырды. Ал пікір білдірушілер оның образын ерекше атап, түрлі жылы лебіздерін жазған.

Жаңа фотоларды Ақбота Сейтмағамбеттің Instagram парақшасынан көруге болады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор