213

Өзбекстанда Криштиану Роналду футбол ойнауы мүмкін

Егер Роналду алаңға шықса, бұл оның Ташкенттегі ресми клубтық матчтағы алғашқы ойыны болмақ.

Өзбекстанда Криштиану Роналду футбол ойнауы мүмкін
Yasser Bakhsh/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Криштиану Роналду Ташкентке келуі мүмкін. Азияның басты клубтық турнирінің жеребесі кезінде Өзбекстанның «Пахтакор» командасы португалиялық жұлдыз өнер көрсететін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен бір топқа түсті.

Егер Роналду матчқа қатысса, футболшының Ташкентте ресми клубтық ойын өткізуі алғаш рет болмақ. Бес дүркін «Алтын доп» иегерінің Өзбекстан астанасына келуі жергілікті жанкүйерлер үшін турнирдің ең басты оқиғаларының біріне айналуы мүмкін.

Жеребе нәтижесіне сәйкес, «Пахтакор» өз алаңында «Әл-Насрдан» бөлек Иранның «Эстегляль» және «Трактор» клубтарын, сондай-ақ Сауд Арабиясының «Аль-Кадисия» командасын қабылдайды.

Ал Ташкент клубы сырт алаңда «Аль-Ахли», «Эйр Форс», «Аль-Хиляль» және «Аль-Иттихадқа» қарсы ойнайды.

Өзбекстанның тағы бір өкілі — Ферғананың «Нефтчи» командасы да азулы қарсыластармен кездеседі. Клуб өз алаңында «Аль-Ахли», «Эйр Форс», «Аль-Хиляль» және «Аль-Иттихадты» қабылдайды. Ал сырт алаңда «Эстегляль», «Әл-Наср», «Трактор» және «Аль-Кадисиямен» ойнайды.

Матчтардың нақты күндері мен басталу уақыттары кейін жарияланады.

Роналдудың Ташкентке келетіні әзірге нақты расталған жоқ. Оның алаңға шығуы футболшының матчқа қатысуына байланысты болады. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор