Қарағандылық ер адам TikTok-та әйел киемін деп 10 тәулікке қамауға алынды
Ер адам тиктокта кішкентай қыз боп кейіп танытып, кішкентай балалармен танысқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда TikTok-та белсенді болған 56 жастағы тұрғын әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам эфир кезінде әйел киімін киіп, құқыққа қайшы контент түсірген.
Полиция стримердің әрекетін интернет кеңістігін мониторингтеу барысында анықтаған. Құқық қорғау органдары оның онлайн-трансляциялардағы әрекеті заң талаптарынан асып кеткенін мәлімдеді.
Сот қаулысымен Қарағанды тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, оған ресми ескерту жасалды.
Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдары араласқаннан кейін ер адам әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірген. Алайда ол полицияның бақылауында қалады.
Ведомство өкілдері ескерту талаптары қайта бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаңырақ жауапкершілік қарастырылуы мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін Қызылорда облысының тұрғыны TikTok-та балағат сөз айтқаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылғаны хабарланған болатын.
Материал авторы