250

200 шаршы метрлік пәтер мен қымбат дүние: Алтынай Жорабаева қызының жасауына 100 миллион теңге жұмсаған

Әншінің құрбысы жас отбасыға дайындалған дүние-мүліктің жалпы құны шамамен 100 миллион теңгеге жеткенін айтты.

200 шаршы метрлік пәтер мен қымбат дүние: Алтынай Жорабаева қызының жасауына 100 миллион теңге жұмсаған
instagram.com/ayauka_zhorabayeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Алтынай Жорабаеваның қызына дайындалған жасау әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жас отбасыға берілген дүние-мүліктің жалпы құны шамамен 100 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы Stan.kz басылымы жазды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әншінің құрбысы қызға әзірленген жасаудың көлемі өте ауқымды екенін айтқан. Оның сөзінше, күйеу жігіттің әкесі баласына аумағы 200 шаршы метр болатын пәтер сыйлаған.

Ал жаңа баспананы толық жабдықтауға қажетті кілем, жиһаз, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттар қыздың жасауына енгізілген.

Алайда жас жұбайларға арналған дүниенің барлығы бірден жеткізілмеген. Видеода көрсетілген заттар жалпы жасаудың шамамен оннан бір бөлігі ғана екені айтылған.

«Алтынай Жорабаеваның қызының жасауына шамамен 100 миллион теңге кетті. Жігітке әкесі 200 шаршы метрлік пәтер сыйлады. Пәтердің ішін кілем, жиһаз, ыдыс-аяқпен толық жабдықтады. Біз қазір жасаудың 10 пайызын ғана алып келдік», – деді әншінің құрбысы.

Бұған дейін Алтынай Жорабаева қызының құдалығынан кейін құдаларынан келген сый-сияпатты әлеуметтік желіде көрсеткен еді. Кадрларда қазақы дәстүрге сай дайындалған тарту-таралғы мен басқа да сыйлықтар бейнеленген.

Сондай-ақ құдалар әншінің қызына 15 миллион теңге көлемінде қалыңмал бергені хабарланған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор