"Сотта жеңіске жеттік": Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жұбайы қуанышты жаңалығымен бөлісті
Бұл туралы әнші Кенжебек Нұрдолдайдың экс-жұбайы өз парақшасында айтты.
Әншінің бірінші некесінен Сабыр есімді ұлы бар.
“Бағдарлама жүргізушісі Руслан Өтепбай мен заңгердің арқасында сотта жеңіске жеттік. Ұлымның әкесіне қойған талаптары толығымен заң аясында жүзеге асады. Біз сотта жеңдік. 3 ай бойы жүгіргеніміздің нәтижесі шықты. Енді заң бойынша ол кісі алимент төлейді.
Бұл – әке міндетін орындамайтын адамның барлығында болатын жағдай. Сондықтан ұят тірлік жасадым деп ойламаймын. Осы күнге дейін маған тілеулес болған жандарға мың алғыс”, – деп жазды Жәмила.