Оқу орны Щучинск қаласындағы курсант өлімі туралы тың дерек жариялады

14.02.2024, 10:47
1002
Оқу орны Щучинск қаласындағы курсант өлімі туралы тың дерек жариялады aikyn.kz

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусындағы курсанттың өлімі бойынша оқу орны басшылығы әлімжеттік фактісін жоққа шығарды.

Aikyn.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға жөнінде тың деректер пайда болды. Оқу орны әлімжеттік болу мүмкіндігін түбегейлі түрде жоққа шығарып отыр. Кадет корпусы басшылығының айтуынша, қайтыс болған жігіт 17 жастағы курсанттардан жасы әлдеқайда үлкен. 

Оқу орнының мәліметінше, қайтыс болған курсант кадет корпусына былтыр университеттен кейін келген. Оқытушылар оған оң баға берген. Қызға таластан өзін-өзі өлтіру мүмкіндігін де жоққа шығарды. Өйткені қайтыс болған курсанттың қызы болмаған әрі бірінші курс курсанттарымен арада кикілжің де болмаған. 

Оқиға жөнінде пікір білдірген Қорғаныс министрлігі оқиғаның себептері анықталып жатқанын жеткізді. 

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.  Қорғаныс министрілігінің басшылығы мен әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады, - делінген министрлік хабарламасында. 

Қазіргі уақытта оқу орнында  комиссия жұмыс істеп жатыр. Тергеуден кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға кеше Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусында болды. Басына оқ тиген курсант қаза тапты.  

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды