«7 ай ғана бірге тұрдық»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 13:45
1605
«7 ай ғана бірге тұрдық»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты ашық дереккөзден

Әнші жақында екінші жолдасымен де ажырасып, екі баласымен бөлек тұрып жатыр.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал өнер иесі Мөлдір Әуелбекова оқырман қауыммен сырласып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Әнші жақында екінші жолдасымен де ажырасып, екі баласымен бөлек тұрып жатыр. 

“Менің жағдайым басқаларға қарағанда өзгешелеу. Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни, мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, маған күйеусіз ары қарай өмір сүріп кету қиын болмады. Оның үстіне бірінші күйеуіммен толыққанды бірге тұрмадым. Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды. Мен енеммен басқа қалада тұрдым. Екіншісімен жеті ай ғана тұрдым. Екеуінде де, босана сала 20 күннен соң жұмысқа шықтым. Өзіме өзім қолдау көрсеттім. Декрет демалысында отырған әйел болмадым. Сол үшін де маған ажырасуды бастан өткізу жеңілірек болды. Түбегейлі жұмысқа кірісіп, күйзелістен оңай шықтым. Оның үстіне жанымда ата-анам қолдаушы болды. Сол үшін де ажырасу кезеңіндегі қиындық әр отбасы болатын жағдайға байланысты”, – деп жансырын ақтарды әнші.

Сонымен қатар әнші экс-күйеулерімен араласпайтынын да ашып айтты. Алайда екінші жолдасы қызына көмектесіп тұратынын жасырмады.

“Арыстанмен араласпаймыз. Ол менімен араласпайды десем болады. Екі-үш рет ересек адамдар секілді отырып сөйлесуге шақырғанмын. Әзірге ойлау қабілеті дайын емес секілді. Уақыт өте үлкен адамдардың позициясына өтетініне күмәнім жоқ. Ақшалай кішігірім көмектесіп бастады. 

    Қуанышпен отырып ашық сөйлесіп, қызымызға жақсы ата-ана болу мақсатында, "сау қарым-қатынаста" деп шешіп алғанбыз. Жиі-жиі қызына келіп тұрады. Қажеттілігін өтеп, көмектесіп тұрады. Респект! Өз басым қандай жағдай болмасын, екеуін де ұл-қызымның әкелері ретінде сыйлаймын. Тілекші, жанашырмын. Бақытты болсын!", – деді эстрада жұлдызы. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды