Орамал таққандар сахнаға қайта орала ма?

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2024, 15:27
2846
Орамал таққандар сахнаға қайта орала ма? ulysmedia

«Альхамдулилла мен бұл суреттерге қарап, осы жолды ризашылықпен еске аламын» дейді әнші.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, cоңғы кезде танымал өнер иелері орамал тағып, өмірлік бағытын өзгерте бастады. Тыңдармандар әншілердің әндері былай тұрсын, түрін ұмытуға шақ қалды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Жуырда өнерден кеткен танымал әнші, "КешYou" тобының экс-мүшесі Айдана Меденова желідегі парақшасында орамалға ұзақ уақыт бойы келгенін айтты. Ол орамалды алғашында тек намаз оқыған кезде киіп жүрген. 

"Архивтен қандай сурет тауып алғанымды қараңыздар. Ол кезде мен орамалды тек намаз оқығанда тағатын едім және "жақында Алла мені әкеледі, ол мені тастамайды" деп ойлайтын едім. Альхамдулилла мен бұл суреттерге қарап, осы жолды ризашылықпен еске аламын. Әйтпесе менің орамалға келуіме қатысты мезгіл-мезгіл әр түрлі пікір жазылатынын көремін. Мысалы, "қалай тез", "енді ән айтпай ма?", "әртістен үй шаруасындағы әйелге айналды".

Иә, мен енді ән айтпаймын, бірақ мен шығармашылықты барлық жерде және онсыз табамын. Бір күні мен сіздерге инстаграмнан білетіндеріңізден көбірек айтып беремін. Айтпауым да мүмкін, кез келген жағдайда әркім өзіне ойлауға ыңғайлы және жағымды жағын таңдайды", - деп жазды әнші.

Тұрмыс құрған соң, өмір-салты өзгеріп сала берген әнші Кәмшат Жолдыбаева да орамал тағып, әйелдерге психологиялық консультация өткізе бастады.

Instagram-да 2,9 млн жазылушысы бар Кәмшат Жолдыбаева хиджабқа толық көшпегенімен, бұрынғыдай ашық-шашық киінуден түбегейлі бас тартып, ұзын етек көйлек киюі, басына орамал тартуды әдетке айналдыруы желідегі жұртқа жаңалық бола қойған жоқ. Өйткені оған дейін Жолдыбаеваның өзге әріптестері – танымал блогерлер де жаппай орана бастаған-ды. Бұдан бұрын “орамалға келген” Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін айтқан.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды