Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын

18.02.2024, 09:16
1258
Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын gov.kz

Тасымалдау және тұтыну инфрақұрылымы дайын болған жағдайда МӨЗ Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астана және Алматы халықаралық әуежайларының алаңдарында өткен жиындарда Қазақстанавиация саласының Jet A-1 маркалы авиаотынын пайдалануға дайындығы талқыланды. 

Қатысушылар Jet A-1 авиаотынын пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл рәсімдерін талқылады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық авиацияны дамыту және халықаралық әуе қатынасында ұшу географиясын ұлғайту туралы тапсырмасының стратегиялық маңызы атап өтілді.

Республикалық деңгейде өткен жиындарға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті (ААК), ҚР Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, ҚМГ-ге қарасты мұнай өңдеу зауыттарының, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, Астана және Алматы әуежайларының, отандық жетекші әуекомпаниялардың және логистикалық тасымалдаушы мекемелердің басшылары қатысты. Сондай-ақ кездесулерге Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), швейцариялық SGS зертханасының (сараптама және сертификаттау саласында әлемдегі көшбасшы, ҚМГ зауыттарында зертханалары бар), сондай-ақ JIG халықаралық қауымдастығының (Joint Inspection Group) сарапшылары қатысты.

ҚР ЭМ Мұнайды тасымалдау және мұнай өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев қазақстандық МӨЗ жаңғыртудан кейін 2020-2023 жылдары ТС-1 авиаотын өндіруді жылына 438,2 мың тоннадан 624 мың тоннаға дейін ұлғайтқанын атап өтті. Қазіргі уақытта жаңғыртылған Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ айына 50-55 мың тонна көлемінде ТС-1/РТ орнына Jet-A1 шығаруға дайын.

Тасымалдау және тұтыну инфрақұрылымы дайын болған жағдайда МӨЗ Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.

Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады.Көлік министрлігі осыған дейін әуежайлардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, Jet A-1 жанармайына біртіндеп ауысу туралы шешім қабылдаған болатын. Алматы әуежайы өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын жанармай құю кешенін жаңғыртып жатыр және 2024 жылдың маусымына қарай ASTM D1655 әлемдік стандартына сай шығарылатын авиаотынды пайдалануға толық көшуді жоспарлап отыр.

ҚазМұнайГаз өкілдері мұнай өңдеу зауыттарының әлемнің 70-тен астам елінде қолданылатын халықаралық Jet A-1 маркалы авиаотынын шығаруға дайын екенін атап өтті. ҚМГ сарапшылары Jet A-1 авиаотынын өндіру үшін зауыттың тиісті қуатын толық қайта өзгерту керек деп түсіндірді, өйткені зауыттар екі отын түрін, яғни ТС-1 маркасын қатар шығара алмайды.

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады