914

Алаяқ Алматы тұрғынының 83 миллион теңгесін алдап алған

Полиция күдіктіні ұстады.

Алаяқ Алматы тұрғынының 83 миллион теңгесін алдап алған
polisia.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, алаяққа сенген Алматы тұрғыны 83 миллион теңгесінен айырылып қалды.

Ол таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты соманы берген.

"Т. есімді азаматша таныстарына ЖШС бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар – инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтты. Бірақ ең қызығы компанияға бұл салым қажет емес еді. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Т. есімді азаматша делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған.

Күдікті ұсталды. Ол – Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор