«Бейбіт заманда көзден жасты сорғалатты»: Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әсерлі жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2024, 18:52
19884
«Бейбіт заманда көзден жасты сорғалатты»: Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әсерлі жазба жариялады коллаж smartnews.kz

Азапталған төрт балаға қатысты жайттан соң Жұлдыз Әбдікәрімова өз оқиғасын айтып берді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Ұзынағашта балаларға жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Орын алған жағдай өнер иесінің жүрегіне қатты тиген. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, аталмыш оқиға жайлы пікірін жеткізді. Актриса бейбіт заманда мұндай сұмдық жағдай орын алып жатқанына күйінді.

Ол қорлық көрген балалар үшін асқан алаңдаушылық танытты. 

"Айдың-күннің аманында, елдегі бейбіт заманда көзден жасты сорғалатты. Ұзынағашта бір үйдің балаларын байлап қойып, ересек адам қорлаған. Кіп-кішкентай балапандардың бетін пышақпен тілуге қалай қолы барды екен? Адам деуге келе ме? Балалардың ата-анасы сол сәтте қайда болған? Заң неге әлсіз? Қоя берсең сұрақ көп. 

Бірақ мәселе басқада болып тұр. Ес тоқтатқан ересек адам мұндай жауыздыққа міз бақпай бара алуында. Байқайсыздар ма, жыл сайын балаларға жасалатын жауыздықтың деңгейі жан түршіктіріп келеді. Ол жазаланғанымен қорланған балалардың психикасын қайтеміз? Салдарымен емес себебімен күресу шарт. Күзде КарЛаг-та болдым. Ондағы балаларға жасалған жауыздықты тыңдағанда санама ауыр соққы болғаны рас. Бүгін де мына бүлдіршіндердің жайына алаңдап отырмын. Бұл біздің қоғам, оны өзгерту де біздің міндетіміз! Қайтсем екен", - деп жазды өнер иесі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды