ЕҰУ ғалымдары «электронды мұрын» жасап жатыр

19.02.2024, 13:37
720
ЕҰУ ғалымдары «электронды мұрын» жасап жатыр Аikyn.kz

Көп функциялы құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау тәрізді әртүрлі салаларда  қолдануға болады.

Ғалымдар «электронды мұрын» желісін құруды және қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр.

Аikyn.kz хабарлауынша, Жасанды интеллектке негізделген көпсалалы жобада нейрондық желілер және машиналық оқыту алгоритмі қолданылады. Қазір ғалымдар «электронды мұрынға» көп тапсырманы орындауды үйретуде. Олар нейрондық желіні бір жүйеден екіншісіне ауыстыру моделін жасауды қолға алды. Бұл жоғары дәлдігі бар бірнеше жасанды иіс сезу жүйелерін қысқа мерзімде үйретуге мүмкіндік береді. 

«Жасанды иіс сезу жүйелері жоғары мамандандырылған салаларда қолданылады. Егер жүйені бір аспапта үйретсеңіз, дәл сол жүйені екінші құрылғыда пайдалана алмайсыз. Қазіргі электронды мұрын жүйелерінің әрқайсысын бір-бірінен бөлек ұзақ уақыт бойы оқытады, сынақтан өткізеді және белгілі бір салада ғана қолданады. Бұл «электронды мұрынның» жаппай өндірісін қалыптастыруға жол бермейді. Біз оқыту әдістемесін әзірлеу және деректерді бір жүйеден екінші жүйеге жылдам тасымалдау жұмыстарымен айналысамыз. Бір «электронды мұрынды» әртүрлі зерттеу объектілеріне және түрлі мақсаттарға қолдану арқылы нәтижелерге қол жеткіздік. Жобаның қорытындысы бойынша бірнеше «мұрыннан» желі құруды жоспарлап отырмыз. Олар деректерді серверге жібереді және бұл арқылы қаланың экологиялық мониторингі жүйесінің прототипі жасалады», - деп түсіндіреді жоба жетекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Ақпараттық қауіпсіздік және криптология» ҒЗИ директоры Дина Сатыбалдина.

ЕҰУ ғалымдары «электронды  мұрын» көмегімен Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы топырақтың мұнай өнімдерімен ластану дәрежесін анықтады. Эксперимент ретінде Қазақстанның 8 кен орнынан мұнай алынды. Оның барысында жасанды иіс сезу жүйесі 95% дәлдікпен құрамы ұқсас мұнай түрлерін ажырата алды. Ғалымдардың сөзінше, мұндай жылдам бағалау кейбір қымбат, ұзақ мерзімді зертханалық зерттеулерді ауыстыруға мүмкіндік береді. 

«Біз пластмассалардың иісін анықтау үшін зерттеу жүргіздік. «Электронды мұрын» сарапшы адамдардың мұрындарына қарағанда сезімтал екені белгілі болды. Адамдар иісті анықтай алмаған жерде, біздің құрылғы оны жоғары дәлдікпен ажыратты. Демек, бұл процесті толығымен автоматтандыруға болады», - деп атап өтті физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Жасанды иіс сезудің газ-аналитикалық жүйесі заттың химиялық құрамын ажыратады, жіктейді және дәл анықтайды. Сондай-ақ, құрылғы көкөністер мен жемістердің үлкен көлемін сақтау процесін басқаруға және автоматтандыруға көмектеседі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады