«Кофе ішу үшін шетелге барып келем»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бақуатты өмірін айтып мақтанды

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2024, 19:41
2547
«Кофе ішу үшін шетелге барып келем»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бақуатты өмірін айтып мақтанды жеке Instagram парақшасынан

«Менің ойымдағы сыйлықты әлі ешкім тапқан жоқ» дейді ол.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы, блогер Дина Төреәлі туған күніне ерекше сыйлық күтетінін айтты.

«Жақында бір сылқымның туған күні. Дәл қазір бұрынғы кездерім есіме түсіп отыр. Мен үйдегі туған күнді асыға күтетін, қатты жақсы көретін адаммын. 90 күн қалды деп санап жүретінім есімде. Үйде бес-ақ адамбыз. «Төртеуің маған 5 сыйлық дайындайсыңдар, сол кезде көп болады» дейтін едім үйдегілерге. Миымда неше түрлі идея бар. Сонымен армандап жүремін, «маған біреу осылай істесе ғой» деп. Бірақ ешкім таппайды» деді әншінің қарындасы.

Ол сондай-ақ өзіне туыстары сыйлаған қымбат сыйлықтарды атап көрсетті.

«16 жасымда салоннан су жаңа көлік сыйлаған еді. Осыншалықты үйдің еркесі болғаныма қазір таң қаламын. 18 жасыма Астана қаласынан, «Экспо» гүлзарынан 3 бөлмелі пәтер әперді. Тәтемнен, жездемнен еш себепсіз бренд киім-кешек ала беретінмін. Құрбыларыммен кофе ішіп қайтуға шетелге ұшып кете салатын әкесінің ерке қызы болдым. Осындай балалық шағым үшін, ертегідегідей өмірім үшін, әр сүрген күндерім үшін шүкіршілік етемін. Мен үшін, менің көңілім үшін, әр еткен еңбегіңіз үшін рахмет, әке!

Ал қазіргі Дина бір әулеттің келіні, ең керемет азаматтың асыл жары, ең тәтті балапанның сұлу анасы. Менің ендігі армандарымның орындаушысы – менің арқасүйерім» деп жазды Дина Төреәлі.

Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті