836

«Тағы бір белес». Жұлдыз Абдукаримова көпшілікке жаңалығын бөлісті

Актриса драмалық театрда өнер көрсетпек.

«Тағы бір белес». Жұлдыз Абдукаримова көпшілікке жаңалығын бөлісті
жеке Instagram парақшасынан

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, актриса Жұлдыз Абдукаримова желідегі көпшілікке жаңалығын айтты. Бұл туралы Massaget.kz сайты жазды. 

Өнер иесінің айтуынша, жақында Атырау қаласында жаңа бағытта өнер көрсетпек.

"Тағы бір белес... Әу баста Жаратқан жан бітіріп, анадан Адам болып туғандықтан, сана бергендіктен өмір бойы дамып, жетіліп, білімімді толықтырып отыру негізгі бағытым деп білем. Өз мамандығымды қаншалықты сүйетінімді еш жасырған емеспін. Сондықтан әр жаңа қойылымға шақырту алғанда зор махаббатпен қабылдаймын. Қажетінше тер төгемін, уақыт бөлемін, кейіпкерімді зерттеймін, сезінемін, дайындаламын. Бұл жолы Атырау театырындамын. Мен үшін жаңа жанр, жаңа бағыт, ерекше кейіпкер болмақ. Көрермен алдындағы жауапкершілік, қойылым алдындағы қобалжу бар. Ол қобалжу әрқашан болған және үнемі болатынын білемін. Ал дәл қазір премьераға дайындық қызу жүріп жатыр", - деп жазды ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор