"300 мың АҚШ долларын бердім": Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалған сәтін еске алды

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 13:25
790
"300 мың АҚШ долларын бердім": Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалған сәтін еске алды бейнежазбадан алынған кадр

Өнер иесінің айтуынша оқиға үш жыл бұрын болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Өнер иесінің айтуынша оқиға үш жыл бұрын болған. 

“Зейданға жүкті кезімде екі алаяққа алданып қалғанмын. Осы күнге дейін ол туралы айтпағанмын. Өйткені жұрттың мені аяғанын қаламадым. Тіпті, сол кезде өкінген де жоқпын. 300 мың АҚШ долларын алып кетті. Ең қызығы, оларды 20 жылдан бері танимын. Отбасымызбен араласамыз. Жағдай осындайға әкеліп тіреді. Бірігіп бизнес бастамақшы болып, мені инвестиция құюға көндірді. Сол кезде менің қолымда олардың сұраған ақшасы болмады. Содан мен несие алып, оларға ақшалай көмектестім. Кейін несие төледім. 7 жыл іргетасынан қалап, өз қолыммен тұрғызған кеңсемді саттым. Негізі, менің ешкімге “жоқ” дей алмауымның кесірінен болды. Адамдарға сеніп қаламын. Оларға көмектескім келіп тұрады”, – деп оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін айтып берді. 

Өнер иесінің айтуынша, заң алаяқтарға келгенде әлсіз болғанымен, түбінде ақиқат жеңіп, қазір қылмыскерлер жазасын өтеп жатқан көрінеді. 

“Қазір түрмеде жазасын алып жатыр. Бірақ қанша жыл отыратынын білмеймін. Маған дейін де бірнеше адамды алдап келген көрінеді. Көп жылдан бері алаяқтықпен айналысып жүрген тәжірибелі адам екен. Қазір ойлап отырсам, олар дәл менің психологиялық көңіл-күйім болмай жүрген тұста келіпті. Жалғыздықтан шаршап, өмірден баз кешкен кезім болған. Сол кезде олар маған көмектескісі келіп, осындай қадамға барған. Осы оқиғадан кейін адамдармен таңдап араласатын болдым. Сабақ болған оқиға”, – дейді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі әріптесі Мақпал Исабековамен араласпайтынынмойындаған еді. 

Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген