"Бандит жігітке тұрмысқа шықтым": Баян Мақсатқызы не үшін криминал фильм түсіруге қызығатынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 13:42
1733
"Бандит жігітке тұрмысқа шықтым": Баян Мақсатқызы не үшін криминал фильм түсіруге қызығатынын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Алагөзованың жаңа жобасы өміріне қатысты ма?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал актриса, продюсер Баян Алагөзованың “Сакура. Иц май лайф” фильмі жарық көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Продюсер фильмнің сюжеті қаншалықты өзінің жеке өмірінен алынғанын “Замандас” подкастында айтып берді. 

“Қылмыс әлемінің серкесі, достарының арасында үлкен беделге ие жігітке тұрмысқа шықтым. Отбасылық өміріміздің немен аяқталғанын бүкіл ел жақсы біледі. Тіпті, ол оқиға ұмытылған да жоқ. Фильмге кейбір басымнан өткен оқиғаларды қосқаным рас. Бірақ ол менің тұтас автобиографиялық өмірімнен алынды деген сөз емес. Фильм фантастика емес. Ондағы барлық диалог, стиль сол заманда болған. Тіпті, театр институтында оқып жүргенде рэкет жігіттерді көретінбіз. Жатақханаға да келіп жүретін. Қолдарында сол кезде-ақ суық қару болатын еді. Көзімізбен көрдік”, – деп еске алды жастық шағын актриса.

Сонымен қатар қылмыс әлемінің серкелері қандай болатынын да сипаттап берді. 

“Олар өте мықты, білегіне сенетін жігіттер. Біздің заманымызда сондай жігіттер үлкен беделге ие еді. Оларды басқа студент жігіттермен салыстыра алмайсың. Оларда ақша да, соңғы үлгідегі киім де бар еді. Ең қымбат көлікпен жүрді. Ал оның бәрі біз секілді студент қыздарға таңсық еді. Олардың қолындағы заттары дүкенде сатылмайтын. Бір күні сондай “бандит”жігіттің бірі маған бір қорап шоколад әкеліп берген. Қатты таңғалдым. Ол кезде бір түйір шоколад жесең, мәз боласың. Сол моментті фильмге кіргіздім. Тіпті, жарнамадағы темекіні шегетін жігітті “ең мықты еркек” деп ойладық”, – деп ағынан жарылды продюсер. 

Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген