Көмек бармаса Украина әскері наурызда тұралап қалуы мүмкін

23.02.2024, 16:34
506
Көмек бармаса Украина әскері наурызда тұралап қалуы мүмкін gazeta.ru

Украина әскерінің қолында ары кеткенде екі айға жететін оқ-дәрі қоры қалды деген ақпарат тарады. Оны айтқан Украинаның Жоғарғы радасындағы «Слуга народа» басқарушы партиясының жетекшісі Давид Арахамия деген депутат.

Депутат өз сөзінде оқ-дәрі, соның ішінде әуе қорғанысының оқ-дәрісі наурызда таусылуы мүмкін екенін келтірді. Егер олай болса, онда Украина президенті мен жаңадан тағайындалған бас әскери қолбасшы шұғыл әрекет етуі керек болады. 

АҚШ-тан молынан барып жатқан көмектің бірер айдан бері тоқтап тұрғаны белгілі. Оған кедергі болып жатқан адам – президенттік сайлауға түсемін деп жағаласқан Дональд Трамп пен республикалық партияның Конгрестегі депутаттық тобы. Жалпы, Дональд Трамптың ықпалымен республикалық партияның депутат мүшелері тек Украинаға ғана емес, Израильге, Тайваньға берілетін АҚШ көмегін де тежеп бағуда. Мұны Трамп президент Джо Байденді аяқтан шалу үшін істейді. 

Мұндай жағдайда Еуроодақ елдері де көмектің бұрынғы қарқынын бәсеңсітіп алған. Сол себепті Украина әскеріне сырттан оқ-дәрі мен әскери техниканың аздау барып жатқанына біраз уақыт болған. Осындай сәтте АҚШ-тан Трамптың шылауында жүрген журналист Мәскеуге жетіп, Президент Владимир Путиннен сұхбат алған. Сұхбат кеңінен тарады. Оны сынап жатқандар да аз емес. Сұхбатында Владимир Путин Ресейдің өткені мен бүгінгі орны және істеп жатқан ісінің себебі жайлы өз көзқарасын білдірген. Оның көптеген мәселелерге қатысты сөздерін қабылдамай, тіпті күлкіге айналдырып жатқандар да көп. АҚШ халқы мен қоғамының санасына бұл сұхбат әсер ете ме, жоқ па, ол жағы алдағы Америка президентінің сайлауында анығырақ көрінер. 

Ал мұхиттың арғы жағында Дональд Трамп та тосын мәлімдемелерді жасап жатыр. Бір сөзінде Еуропадағы мемлекеттердің ішінде НАТО-ға аз қаржы құйған елдердің тағдыры оған бес тиын құрлы болмайтынын, ондай елдерді Ресей талап жатса да АҚШ-қа бәрібір болатынын түйеден түскендей етіп айтты. Осыдан-ақ Дональд Трамп сол бұрынғы арсың-гүрсің әдетінен арылмағанын көруге болады. Трамптың мұндай сөзін АҚШ-тың АҚ үйіндегілер сандырақ деп атады. Еуропа елдеріне НАТО-ға құю үшін ішкі жалпы өнімнің 2 пайызы мөлшеріндегі сома белгіленген көрінеді. 2 пайыздан артық беріп жатқандар да, одан кем құйғандар да бар деп жатыр. 

Еуропа елдері Трампты бұрыннан жақтырмаушы еді. Ал енді Еуропа елдерінің кез-келгенін Ресейдің талауына беріп қою қолынан келетінін аңғартқаннан кейін талай президенттер мен халықтар ішін тартып қалды. Осыдан кейін Еуропа елдері АҚШ-ты күтпей-ақ өздері шама-шарқы келгенше Украина әскеріне көмекті арттыруға және қайта жандандыруға ымыраласып жатыр. Расымен Украина әскерінде екі айға ғана жететін оқ-дәрі қалған болса, Еуропа елдері ол уақытқа жеткізбей көмектерін жеткізу әрекетіне кіріскені сөз болуда. Еуропа елдері егер Трамп президент болып сайланса күйіміз не болады деп алаңдай бастады.

Украина әскерінің оқ-дәрісі азайып бара жатқанын, оның орнын толтырмаса алдағы наурызда таусылуы мүмкін екенін бірер күн бұрын The New York Times басылымы да жазған. Басылым Украина әскеріндегі оқ-дәрі тапшылығы мен сарбаздардың жетіспеушілігі және әскер арасындағы шаршаңқы көңіл-күй жуық арада украин армиясын тұралатуы мүмкін екенін айтқан. Батыс шенеуніктері мен әскери сарапшыларға сүйенген мақала авторлары АҚШ-тан ірі көмек болмаса, украин әскері ірі қиындыққа ұшырауы мүмкін деп болжаған.

АҚШ Конгресі Украинаға арналған көмектің құжатын өткізбей қойғаннан кейін, өткен қаңтар айында Американың барлау қызметінің өкілдері бұған пікір білдірген. Олар егер АҚШ қару-жарақ жағынан көмектеспесе, онда Украина бірнеше айда жеңіліске ұшырауы мүмкін деп ескерткен. 

Өткен жылдың соңында АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі  Украинаға көмек үшін 61 миллиард доллар бөлу туралы заң жобасын Конгреске өткізген еді. Заң жобасына Израильге көмек сомасы да енгізілген болатын. Бірақ Дональд Трамптың оң жамбасына келтірілген республикалық партия депутаттары жобаны өткізбей отыр. Соңғы күндері сол заң жобасын бірнеше бөлікке бөліп, Украина, Израиль, Тайвань үшін көмектің әрқайсысын жеке-жеке қарау жайлы бастама көтеріліп жатыр. Соған қарағанда, көмек қаржы жуық арада Конгрестен өтеді деген үміт пайда болды. Әрине, 61 миллиард доллар бөлінген жағдайда Украинаға қаржы күйінде бармайды. Ол әскери техникалар, соның ішінде ұшақтар,  әуе қорғанысы, радиолокациялық станциялар, оқ-дәрілер, технологиялар мен жабдықтар күйінде кезең-кезеңімен жеткізіледі. Техника мен оқ-дәріні тасымалдау және украин әскерилерін ұшақтарды басқаруға оқыту сияқты шығындар да бөлінген қаржының есебінен. 

Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды