«Жас жігіттей жарқырап». Көпшіліктің сүйікті әншісі Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 19:48
4144
«Жас жігіттей жарқырап». Көпшіліктің сүйікті әншісі Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды бейнежазбадан алынған кадр

Әншінің ұлы әкесіне арнап жазған құттықтауы жұрттың жүрегін елжіретті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, көпшіліктің сүйікті әншісі Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды. Әншінің ұлы әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Жұбаныш Жексенұлының тұңғыш ұлы Әбілқайыр (Абик) Жексен әкесі 50-ге келсе де жас жігіттей жарқырап жүргенін атап өтті.

Әкелік тәрбие маған өмірде темірқазықтай жол көрсетіп, бағдаршамдай жол сілтеп келеді. Бойыңдағы өжеттілік пен қайсарлықты, мейірімділік пен байсалдықты, кеңпейілділік пен жомарттықты, өмір мен музыкаға деген құштарлықты өз бойыма сіңіріп келем. Әлі де өзіңнен үйренеріміз көп. Сенің жанымызда жас жігіттей жарқырап, жүзіңнен күлкі кетпей, жанымызда жадырап жүргенің, жанға тыныштық ұялатып, қамқорлықтың бар екенін сездіреді. Отбасымыз аман, деніміз сау боп, мама екеуіңіз ұзақ, бақытты ғұмыр кеше берулеріңізді тілеймін! Шабытыңыз таусылмай, халықтың ылғи ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп, биік шыңдардан әрдайым көрініп, көз алдымызда күліп ойнап жүре беріңіз, “Үлкен Жігіт” боп өсе беріңіз! Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға!, - деп жазды ол.

Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген