Қара жамылған уахап-салаф тақырыбы қоғам дерті – Айгүл Елшібаева

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 20:50
1388
Қара жамылған уахап-салаф тақырыбы қоғам дерті – Айгүл Елшібаева ашық дереккөзден

«Уақап-салафтар дәстүрімізге қарсы» дейді Елшібаева.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, термеші, жыршы Айгүл Елшібаева радикалдарды қоғам дерті деп атады.

«Қоғам дертін уақытында емдемесе , ол дерт асқынып кетуі мүмкін. Мен қауіп ойлағаннан айтамын дегендей, кейде бұрынғы жазбаларымды оқырмандарыма жариялап, қоғамдағы шешілмей жатқан мәселелерді есіне салып қоямын. Құдай тіл берген соң, жазу қиын болып па?

Осы ғасырда бір қазақтың баласы, өз дәстүрінен, ұлттық киімінен безіп жатқасын, өзегің ашитыны белгілі. Рухани құндылықты материалдық құндылық деп түсінгендіруге ұмтылған білгіштерде, рухани құлдырау болады. Солар ескерсін деп есіне салып қоямыз.

Тек деп тегі бар айтады демекші, не шаруаң бар деушілерге, тегіміз, қанымызда рухани құндылық жоғалмай тұрғанда, жан барында түсіндіруге ұмтылып , өз аудиториямды қалыптастырғасын, ұлттық идеологияға қатысты мәселелерді қозғаймын, оқырмандарыммен сырласамын», - деді ол.

Термеші діни ағым өкілдері мен дәстүрді салыстыра, былай деп сауал қойды:

«Уақап-салафтың тарихи, этнографиялық делелдермен ашып жазсам, оқырмандарым дұрыс айтасың деп шулап қоя береді.

Сол уақап-салафтар дәстүрімізге қарсылығы молаға барып құран оқып бет сипамайды, әулиеге бармайды, келін сәлем салмайды.

Бірақ, салаф дейтіндердің тойына барсаң, беташар жасайды. Беташар қазақтың салт-дәстүрі ғой, сонда күлкім келеді. Бұл уақап-салафтар да қазақтан шыққасын беташарларын амалсыздан жасай ма? Олар салт-дәстүрге қарсы екен, онда нағып беташар жасап, сәлем салып жүр? Сендер не дейсіңдер , білгіш оқырмандарым?», - деп жазды ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады