Тоқаев ЛГБТ өкілдерінің жетім балаларды асырап немесе тәлімгерлікке алуына тыйым салатын заңға қол қойды

24.02.2024, 12:05
884
Тоқаев ЛГБТ өкілдерінің жетім балаларды асырап немесе тәлімгерлікке алуына тыйым салатын заңға қол қойды ашық дереккөзден

Заң парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Жаңа заң бойынша мектеп оқушыларына сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.

"Қысқа мерзімді оқу жоспарларында білім беру мақсатында көзделген жағдайларды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарында оқушылардың сабақ кезінде ұялы байланыс құрылғысын пайдалануына тыйым салынады", – делінген құжатта.

Заңдағы түзетулерге сәйкес енді ЛГБТ өкілдерінің жетім балаларды асырап алуына және тәлімгерлікке алуына тыйым салынады. 

Заң бойынша жетім балаларға тәлімгер бола алмайтындар: 

- Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;

- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адам;

- сот жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адам;

- сот ата-ана құқығынан айырған немесе ата-ана құқықтарын шектеген адам;

- Қазақстан Республикасының заңымен өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адам;

- денсаулығына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам; 

- тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;

- дәстүрлі емес жыныстық бағытты ұстанушы адам;

- тәлімгер болып тағайындалған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

- тәлімгерлікке алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;

- наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адам;

Сондай-ақ құжатта жаңа ықшам аудандарда көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде, құрылыс жобалау құжаттарында әлеуметтік маңызы бар - білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің міндетті түрде болуын ескеру туралы норма енгізілген. Яғни, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін салу жоспарланған болмаса, онда бұл аумақта көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға тыйым салынады. Заңда балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерді қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету талабы жазылған.

Жаңа заң жобасы мемлекеттік мектептер мен колледждерді жекешелендіруге тыйым салады.

"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары мүліктік кешендері жекешелендіруге жатпайды", - делінген құжатта.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады