«Көзден жасты сорғалатты»: Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыда балабақшада болған жайтқа пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2024, 15:29
1382
«Көзден жасты сорғалатты»: Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыда балабақшада болған жайтқа пікір білдірді collage smartnews.kz

Актриса елдің болашағына алаңдаулы.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыда балабақшалардың бірінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол ойын Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Әнші Қайрат Нұртастың келіншегі қатарластарын ұрып-соққан балалардың іс-әрекетіне қарап, ұлт болашағына алаңдайтынын айтты.

"Мен балаларымның денсаулығына алаңдап, дәруменді ойлап отырғанда, балабақшадағы оқиға көзден жасты сорғалатты ғой.

Кіп-кішкентай балаларда осынша жауыздық қайдан пайда болған? 5 минут бойы жабылып тепкілеген. Бала көргенін жасайтыны белгілі. Тәрбие, құндылыққа мән бермесек ұлтқа қауіп төніп тұр екен.

Әрине, оқиғаның мән-жайын құзырлылар анықтап жатыр. Алайда мені толғандыратыны мынау еліміздің болашағы осы бүлдіршіндеріміздің қолында. Сонда қандай ел болмақпыз?" - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Еске сала кетсек, Алматыдағы мемлекеттік балабақшада 3 жасар сәбиді топтағы бірнеше бала аяусыз соққыға жыққан. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өз құрдастарынан жапа шеккен бүлдіршіннің жағдайы қазір орташа.

Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады