«Жарқырап жүруім сол кісінің арқасы»: Мақсат Рахмет келіншегімен қалай танысқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.02.2024, 16:05
1487
«Жарқырап жүруім сол кісінің арқасы»: Мақсат Рахмет келіншегімен қалай танысқанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

15 жаста танысқан жұп әлі бірге екенін айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, тандық танымал әнші әрі актер Мақсат Рахмет келіншегімен алғаш танысқан кезін еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді. Өнер иесі әйелі театрдағы жұмысын тастап, өзін толығымен отбасылық өмірге арнағанын айтты. Бұл туралы nur.kz жазды.

Мақсат Рахмет әйелімен алғаш оқуға түскен кезде танысып, жеті жылдан кейін шаңырақ көтерген. Сөзінше, келіншегі сол кездегі ең мықты актрисалардың бірі болған.

"15 жасымызда оқуға түсерде таныстық. 16 жасымызда қыз бен жігіт болып жүре бастадық. Жеті жыл кездесіп жүріп, отбасын құрдық. Жыл өткен сайын оған бауыр басасың, жыл өткен сайын оған деген құрметін артады. Келіншегім де актриса. Менің заманымдағы ең үздік актрисалардың бірі. Академиядағы әр емтиханнан кейін оны бізден бөлек талқылайтын. Оның сомдаған әр кейіпкері ерекше шығатын. Біз оқуды аяқтағанда Мүсірепов театры екі адамды ғана өздері жұмысқа шақырды. Солардың бірі Арай болды. Сол жерде бір жыл істеп, өз еркімен театрдан кетті", - деді актер.

Өнер иесі келіншегінің театрдан кетуінің себебін ашып айтты. Мақсат Рахмет оның жұмыстан шығуына ешқандай қысым көрсетпегенін жеткізді. Айтуынша, әйелі бұл шешімді өзі қабылдаған.

"Өзін толығымен отбасылық өмірге арнағысы келетінін айтты. Қазір біз табысқан колледжде актерлік шеберліктен сабақ береді. Дәл қазір декретте отырҮйде екі өнер аламы болғаны да жақсы. Өнер адамдары ғана бір-бірін түсінеді. Екеуіміздің талқылайтын тақырыптарымыз көп. Ол менің басты сыншым. Ол маған сынды төгеді. Айналамдағылар, тіпті ұстаздарым да ренжиді. "Біздің қызымызды өнерден алып кеттің" деп жатады. Үш баласы бар әйелге театрда істеу өте қиын. Ол оны өзі саналы түрде білді, түсінді. Менің еш қатысым жоқ, сол кездегі театр директорымен мәселе туындады. Қазір бар уақытын бала-шағасына, маған бөледі. Үнемі киімдерім таза, үтіктеулі. Қайда барсам да жарқырап жүремін. Ол біріншіден келіншегімнің арқасы", - деді Мақсат Рахмет "Ұрпақ" подкастында.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды