Наурыздың жартысы жамбастап жататын демалыспен өтетін болды

29.02.2024, 17:18
792
Наурыздың жартысы жамбастап жататын демалыспен өтетін болды turkistanzaman.kz

Ақпан аяздатып барып әне-міне дегенше көктемнің алғашқы айы да есік қағып тұр. Енді бір әуп десек күншуаққа ілігеміз. Әдеттегідей, наурыз айы мерекелер мен демалыстардың бастауы.

Наурыз айында халқымыз басты деген екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. Олар – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. Осы екі мерекенің төңірегіндегі күндерің ішінде демалыс көп. 8-наурыз аптаның жұма күніне түседі. Сондықтан сенбі мен жексенбіні қоса алғанда қатарынан үш күн демалыс болады екен. Яғни 8-ші, 9-шы және 10-шы наурыз алаңсыз демалыс күндері. Бітпеген жеке шаруаларды бітіріп алуға немесе алыстағы ағайын-туыс пен жекжатты аралап, құттықтап әрі серуендеп қайтуға молынан жететін уақыт. Ал Наурыз мерекесінің ыңғайы биыл тіпті қатарынан бес күн демалуға келіп тұр. Наурыз мерекесінің құрметіне 21-ші, 22-ші, 23-ші, 24-ші және 25-ші наурыз күндері демалыс. Мұның ішінде 23-ші және 24-ші наурыз күндері сенбі мен жексенбінің есебінен. Бес күн жата-жата жамбасым тесілді дегеннің керін келтірмей сапарлауға, серуен құруға, кітап оқуға, киноға, театрға баруға қолайлы болмақ. Тіпті болмаса шипажайға барып демалып қайтуға да жетерлік уақыт. Бәрін қоса алғанда наурыз айының ішінде бес күндік жұмыс күні тұрғысынан алғанда 14 демалыс және 17 жұмыс күні болып шығады. Айдың жартысы демалыспен өтеді екен.

Жалпы, 2024 жылды түгелімен алып қарағанда 249 жұмыс күні шығады. Соның 117 күні демалыс. Жылдың жартысына жетеғабылы демалыс деуге де келеді екен. Ең ұзақ демалыс қаңтар және наурыз айларына келеді. Жаңа жылда өткен жылдың 30-шы және 31-ші желтоқсан күндерін қосып алғанда қатарынан 4 күн демалдық. Алдағы айларда да бірнеше күн қатарынан демалатын кездер бар. Шілдеде Астана күніне орай 3 күн, тамыздаКонституция күніне орай 3 күн, қазанда Республика күніне орай 3 күн, желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн алаңсыз демаламыз.

Елімізде үкіметтің тізімімен бекітілген 9 мемлекеттік мереке бар. Олар – Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар күні,  Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Тәуелсіздік күні. Ал мемлекеттік мерекелерден бөлек 19 жай мереке де бар. Олар – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күні, Алғыс айту күні, Аналар күні, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, Мемлекеттік рәміздері күні, Әкелер күні, Ұлттық домбыра күні, Абай күні, Спорт күні, Семей ядролық полигонының жабылған күні, Білім күні, Отбасы күні, Қазақстан халқының тілдері күні, Еңбек күні, Қарттар күні, Нан күні, Энергияны үнемдеу күні, Ұлттық валюта күні және Тұңғыш Президент күні.

Мерекелер мен демалыс күндеріне жай ғана шартты нәрсе деп қарайтын халықтар да бар. Олар демалыс күндері де жұмыс істей беруден бас тартпайды. Мұндай халыққа жапондар мен Оңтүстік Корея жұртын жатқызуға болады. Ондағы адамдар жұмыс басында аптасына 60 сағат өткізеді, демалыс күндерінен бас тартатындар өте көп. Оңтүстік Кореяның адамдары жұмыстың басында аптасына 70 сағаттай болуды әдетке айналдырып бара жатқаннан кейін 2018 жылы еңбек заңына өзгеріс енгізілді. Содан кейін аптасына 70 сағат жұмыс істеу шектелді.

Жапондарда «кароси» деген сөз бар екен. Бұл жұмыстан зорығып өлген адамдарға қатысты айтылады. Адамдардың шектен тыс ауыр жүктемеден және стресстен ауруға ұшырап қайтыс болуы немесе қатты шаршағаннан өзіне қол жұмсап мерт болуы кароси ұғымына енеді.

Азия елдерінің үштен бірінде апталық еңбек жүктемесінің көлемі заңмен реттелмеген. Халықаралық Еңбек ұйымының зерттеуінше, Тайландта апта ішіндегі жұмыс 84 сағатқа дейін, Сейшель аралдарында 74 сағатқа дейін барады. Бай мемлекет деген Сингапурдың өзінде адамдардың кейбірі компаниялар мен кәсіпорындарда апта ішінде 60 сағат болады екен. Еуропа елдері белгіленген уақыттан артық жұмыс істемейді. Дегенмен, Бельгияда және Түркияда адамдар артығырақ жұмыс істеуден бас тартпайды, олар қаласа аптасына 50 сағат істей береді.

Бізде еңбек демалысы бір айға берілетіні белгілі. Демалыстың жалақысына қоса емделуге арналған қосымша өтемді да қосып беріп жатады. Кейбір елдерде мұндай жағдай жоқ. Мысалы, Мексикада, Қытайда, Жапонияда, Нигерияда жылына он-ақ күндік демалыс ақысымен есептеседі. Ал Үндістанда еңбек демалысының ең аз мерзімі дегеннің өзі заңда мүлде қаралмаған. Ол жақта еңбек демалысы да, соған сәйкес төлем де жоқ болса керек. Әлемде ең еңбек демалысы ұзақ мемлекет Финляндия. Оларда 30 күнтізбелік жұмыс күніне есептелген. Сонда кемі 40 күн демалса керек.

Қалай болғанда да бізге ұқсап мерекенің ішінде жүріп, лайықты демалғанға және еңбек демалысына толық бір айға шыққанға не жетсін.

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО) Тамара Асар жолдасының зауыт қызметкерлеріне ас берді Белгілі блогер Дана Есеева орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты Ұландықтар боксшы Назым Қызайбайға құрмет көрсетті Танымал әнші концерт кезінде жүрегі ұстап, қаза болды Жамбылда жер сілкінісінің кесірінен 17 әлеуметтік нысан бүлінген Наурыздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда қыдырып жүр «Қыз туған соң жігітім тастап кетті»: Қарағандыда жаңа туған сәби саудасына қатысты сот жалғасып жатыр Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобынан кетті Алматылық полиция бастығының орынбасары сотқа іш киіммен қатысқан Бұрынғы полицей жасөспірімдерді зорлаған болуы мүмкін Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті