Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады

15.05.2025, 16:56
375
Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады

Қаржаубай өзі пышақ сермеді дейді күдікті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзаттың өліміне байланысты сот процесінде күдіктілердің бірі Нұрбол Тоқтаубаев куәлік берді. Ол аталмыш жағдайға жәбірденушілердің өзін, яғни Қаржаубай Нұрымов пен Нұрғанат Ғайыпбаевты кінәлады. Сөзінше, Нұрымов оларға қайта-қайта пышақ сермеп, өзін агрессивті ұстады. 

Нұрбол Тоқтаубаев інісі Азаматпен бірге Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық” бабы бойынша айыпталып жатыр. Сөзінше, оқиға болған күні ол “Эйфория” кафесінде бір бөтелке сыра ішкен. Сол кезде оған Дархан Аскентай қоңырау шалып, “Қамажай” дүкеніне шақырған.

“Танысым Дархан “мені ұрып кетті, келші” деп хабарласты. Өзім сыра ішіп алғандықтан, Думан Ысқаққа мені апарсын деп өтініш жасадым. Барған соң, сатушы Қаржаубайдан не болғанын сұрадым. Ол “досың ақша төлемеді” деді. Біресе “мен ұрдым”, біресе “ұлым ұрды” деді. Мен қанша төлеу керегін сұрап едім, 1000 теңге деді. Мен артығымен 1500 теңге бердім. Жазылып тұрған нөмірге аудардым. Одан досым үшін кешірім сұрап, Дархан, Думан үшеуміз қайтып кеттік”, – деді ол.

Сөзінше, осы сәтте Қаржаубай қолына пышақ алып, сес көрсетіпті. Сараптамада тіркелмеген үшкір пышақ дейді.

“Жолда Дархан телефоннан түбіртекті көрсетті, “төледім, қағаз ақша да бердім. Қалғанын інім төледі” деді. Сол үшін мәселені анықтау үшін дүкенге қайтадан бардық. Қаржаубай агрессивті түрде пышақ алып оқталды. Біз оған “балаңмен шық” дедік. Мен “Хуторскиймін”, “Хуторский-95” деп айтпадым. Есесіне мен 96-жылғымын. “Денсаулық қойып тастайсың” деген сөз болмады. Бұрын-соңды төбелеспегем, сотқа тартылмағам”, – деді сотталушы.

Сөзінше, бірінші келгенінде Нұрғанат болмаған, екінші келгенде ол болды. Айтуынша, Нұрғанат біреулерге қоңырау шалып, дүкенге оларды шақырып жатты.

“Қаржаубай "сендерді өлтіремін" деп пышақ тақады. Осы кезде торт кесетін пышақ болды. Абдырап қалдым.7-8 ірі жігіт келді. Шерзат Нұрғанаттан кілт алды да, кетіп қалды. Осыдан кейін мен де басқа жігіттерге қоңырау шалдым. Бірақ ініме “жігіттерді жинап кел” деп айтпадым. Оның өз телефоны болмағасын Шыңғысқа “ініммен сөйлестір” деп айттым. Оларға “досымды ұрып кетіпті, мына жаққа жігіттер келді. Мәселені ушықтырмай шешіп кетейік” дедім”, – деді ол.

Ол Қаржаубай Нұрымовты сабырға шақырып жүргенін айтады. Олармен бірге келген екі қыз дүкенге кіріп кетті, бірақ есікті итермеді дейді.

“Қаржаубаймен дүкен ішінде ақша мәселесін талқылап тұрғам. Сол кезде сыртта төбелес басталып кетті. Ол “ақшаны қайтармаймыз” деді. Мен “жарайды, керек емес, бастысы Шерзат кешірім сұрасын” деп айттым. Онымен Шерзат кетіп қалған. Олардың қару алып келуге дайындалып жатқанын білмедім. Нұрғанат аяқ жағымызға мылтық атты. Аяқ сермеп, оны тепкенім рас. Бірақ төбелес шығару ниетіміз болған жоқ”, – деді сотталушы.

Нұрбол Тоқтаубаев қылмыс болғаннан кейін бірер сағатта үйінде ұсталған. Сөзінше, полиция бөлімшесінде оған қысым жасалды. Сол себепті бұрын берген айғақтарынан бас тартты.

"Маған қысым жасалды. Тәртіп сақшылары ұрды. Бұл туралы бірнеше рет арыз жаздым. Полиция бөліміне кірген соң жауап алғанша ұрды. Қысқасы, олар бізге: "Сендер туралы фильм түсірейік" деп айтты. Олар мені ұрды. Келгендердің бәрі, тергеушілер де ұрып соқты. Олар, былай айтасың, былай сөйлейсің деді. Қаржаубайдың өзі келді. Бізді қорлап, бізді де ұрды, куәгерлер бар", – дейді сотталушы. 

Тоқтаубаевтың адвокаты соттан ұрып-соғу және азаптау туралы ұйғарым шығаруды сұрады. Бірақ сот оны қанағаттандырмады.

«Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ «Сынып кетуіме хақым жоқ»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін еске түсіріп, көзіне жас алды Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО) Қарағандыда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп, зорлады деп жала жапқан Жетісуда өзеннен трос арқылы өтпек болған ер адамның мәйіті табылды Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады «50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген «Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО) «Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген 18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен Алматыда қарт әженің үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен еркек ұсталды (ВИДЕО) Алматыда жол қиылысында «мода» көрсеткен қыздар көптің талқысына түсті (ВИДЕО) Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген Соңғы қоңырау күні өзгергендіктен, ҰБТ өтетін күндерге де өзгеріс енді «Шатастырып алған шығар»: Жанжал болған күннің бейнежазбасы жарияланды Таразда түрмеге жіберілген сәлемдемеден телефон табылды Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды Маусым айындағы демалыс күндері қанша? Бүгін өңірлерде өрт қаупі жоғары