Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген

15.05.2025, 12:50
606
Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген бейнежазбадан

Оған 4,6 миллион долларлық грант ұсынып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Арыс қаласының 11-сынып оқушысы Айсұлтан Алтынбек әлемнің 86 жоғары оқу орнынан шақырту алып, жалпы сомасы 4,6 миллион долларлық грант иесі атанды. Ол білім алуға негізінен АҚШ, Италия және Малайзия елдеріндегі университеттерді қарастырып отыр. Бұл туралы 24.kz жаңалықтар қызметі жеткізді.

Айсұлтан – IT саласын таңдаған, ағылшын, түрік және неміс тілдерін меңгерген талапты жас. Болашақта компьютерлік ойын дизайнері болғысы келеді және өз арманы — әлемнің үздік университеттеріне түсуді мақсат еткен жастарға арналған платформа жасау.

– Ұтқан гранттар тек оқу ақысын ғана емес, жатақхана, тамақ, гаджеттер мен төрт жылдық толық қамтуды да қамтиды, – дейді Айсұлтан.

Айта кетейік, Айсұлтан білім алған мектептен тағы бірнеше оқушы шетелдік университеттерден грант ұтып алған. Мысалы, Ерасыл Жүнісбек 50 оқу орнынан шақырту алса, тағы 8 оқушы осындай жетістікке жеткен.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген