1110

18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен

2007 және 2008 жылғы қыздар ұсталды.

18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен
vesti.kg

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстан астанасы Бішкекте 18 жастағы қызды ұрып-соғып, тыр жалаңаш шешіндіріп паркке тастап кеткен оқиға қоғамда резонанс тудырды.

Оқиға 10 мамыр күні Бішкектегі саябақтардың бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, үш күдікті — екі 17 жастағы және бір 18 жастағы қыз — жәбірленушіні ұрып-соғып, оған күш көрсеткен. Бұл деректі Бішкек қаласының Бірінші Май аудандық ішкі істер басқармасы растады.

Қазір аталған фактіге байланысты Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 280-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Сараптама нәтижесіне қарай іс неғұрлым ауыр бапқа қайта саралануы мүмкін.

Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталып, жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор