«Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО)

15.05.2025, 16:04
736
«Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Пышақпен тілгілеп тастағандықтан баланың беті жансызданып қалған дейді анасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада лифт ішінде пышақталған 5 жасар баланың анасы көпшіліктен көмек сұрап, баласының денсаулығы үшін күресіп жатыр.

Анасының айтуынша, дәрігерлер бүлдіршінге "сол жақ бет жүйкесінің жарақаттан кейінгі нейропатиясы" деген диагноз қойған. Салдарынан баланың бетінің сол жағы қозғалмай қалған.

— Бүгінде ұлымның бет бұлшықеттері жұмыс істемейді. Жарақаттан кейін бет жүйкесі зақымданып, қимыл-әрекетке толық қабілетін жоғалтты. Қазір ем-дом қажет. Соған байланысты халықтан көмек сұраймын, — дейді анасы.

Жиналатын қаражат баланың ұзақ мерзімді еміне, оңалту курстарына және физиотерапиялық шараларға жұмсалмақ.

Еске салайық, бұл оқиға 2024 жылдың ақпанында Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Лифт ішінде 14 жастағы жасөспірім пышақпен кішкентай балаға шабуыл жасап, бетіне бірнеше рет жарақат салған. Кейін белгілі болғандай, шабуыл жасаған жеткіншек психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған және II топ мүгедегі ретінде тіркелген.

13 мамырда өткен сотта оған психикалық ауру салдарынан әрекетінің мәнін түсіне алмаған деген қорытынды жасалып, Талғар ауданы Ақтас ауылындағы мамандандырылған үлгідегі жабық мекемеге стационарлық мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылданды. Алайда бұл қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)