1574

Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО)

Дәулет Мұқаев халықтан кешірім сұрады.

Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы жалған ақпаратты депутат Мұқаевтың парақшасы да таратқан.

Кеше экс-президенттің жұбайы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөнінде бірқатар БАҚ пен Telegram арналар жалған ақпарат таратты. Солардың қатарында Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың Instagram парақшасы да қаралы хабар жариялап, көңіл айтқан.

Алайда кейін Kursiv-ке пікір білдірген Мұқаев бұл жазбаны өзі емес, көмекшілері жариялағанын айтып, кешірім сұрады.

«Парақшамды көмекші балалар жүргізеді. Олар да басқа желілерден көріп, көшіріп салған сияқты. Мен емес. Бұл жағдай үшін кешірім сұраймын», – деді депутат.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор