Алматыда қарт әженің үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен еркек ұсталды (ВИДЕО)
Алматыда қарт әйелді тонаған ер адам қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Жетісу ауданында түн ішінде қарт әйелдің пәтеріне кіріп, ақшасын тартып алған ер адам ұсталды.
Полицияның мәліметінше, 39 жастағы күдікті жәбірленушінің осал жағдайын пайдаланып, ашық түрде қарақшылық жасаған. Қылмыс аз уақыт ішінде ашылып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Бөлім қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында күдікті қолға түсті. Қазір тергеу жүріп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасылов.
Полиция тұрғындарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және күмәнді жағдайларда бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші