Соңғы қоңырау күні өзгергендіктен, ҰБТ өтетін күндерге де өзгеріс енді
Түлектердің кейбірі соңғы қоңырау өтетін күнге жазылып қойған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндеріне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.
— Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз! — делінген орталықтың хабарламасында.
Бұған дейін 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталғаны мәлім болды.
Материал авторы