Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды

15.05.2025, 10:48
373
Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды AP nuotr

Украина бойынша келіссөздер өтетін Ыстамбұлға Путин бармайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін Ыстамбұлға бармайды.

Оның аты келіссөздерге қатысатын ресейлік делегация тізімінде жоқ. Бұл тізімді Путиннің өзі бекіткен, ал ол туралы ақпарат Кремльдің сайтында сәрсенбі, 14 мамыр күні, кешке жарияланды. Сол күні кешке америкалық Sky News телеарнасы келіссөздерге АҚШ президенті Дональд Трамптың да бармайтынын хабарлады.

Ыстамбұлдағы келіссөздерде Ресей делегациясына Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский жетекшілік етеді. Делегация құрамында бір де бір министр жоқ – онда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та, қорғаныс министрі Андрей Белоусов та болмайды. Олардың орнына келіссөздерге Лавровтың орынбасары Михаил Галузин, Белоусовтың орынбасары Александр Фомин және Ресей Қарулы күштері бас штабының бас басқарма бастығы Игорь Костюков жіберіледі.

Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинді тікелей келіссөздерге қатысуға шақырған болатын.

Біз Путинмен кездесудің өтуі үшін бар күшімізді саламыз. Бітім туралы шешімді сол ғана қабылдай алады, – деп мәлімдеді Украина көшбасшысы.

«Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ «Сынып кетуіме хақым жоқ»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін еске түсіріп, көзіне жас алды Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО) Қарағандыда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп, зорлады деп жала жапқан Жетісуда өзеннен трос арқылы өтпек болған ер адамның мәйіті табылды Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады «50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген «Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО) «Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген 18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен Алматыда қарт әженің үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен еркек ұсталды (ВИДЕО) Алматыда жол қиылысында «мода» көрсеткен қыздар көптің талқысына түсті (ВИДЕО) Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген Соңғы қоңырау күні өзгергендіктен, ҰБТ өтетін күндерге де өзгеріс енді «Шатастырып алған шығар»: Жанжал болған күннің бейнежазбасы жарияланды Таразда түрмеге жіберілген сәлемдемеден телефон табылды Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды Маусым айындағы демалыс күндері қанша? Бүгін өңірлерде өрт қаупі жоғары