«50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген

Аиса Махамбет Редактор
15.05.2025, 16:31
1239
«50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген әлеуметтік желіден

Әнші Садраддиннің концертіне қайырымдылық қоры қаржы бөлгені айтылуда.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде танымал әнші Садраддиннің концертіне "Елге көмек" қайырымдылық қорының қаражаты жұмсалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл соманың 50 миллион теңге екені айтылып отыр.

Заңгер Нұрсұлтан Орынбек бұл туралы пікір білдіріп, қор басшысы Ілияс Сариевтің құмар ойынға тәуелді болғанын және сахнаға шығуға ниеттенгенін атап өтті.

– Лудоманнан бөлек әнші боламын деп жүрген жігіт қой. Әнші Садраддиннің концертіне 50 млн теңге бөлді дегенді естідім. Оны көпшілік айтып жүр. Халық айтса, қалып айтпайды. Садраддиннің концертіне қомақты қаржы бөлгенін құлағым шалып қалды. Өткенде осы Сариевтің ісіне қатысты бірнеше факті шықты. Осының түбін бір зерттеп көру керек. Расымен солай болды ма? Әншінің кінәсі жоқ, бірақ бұл фактілерді тексеру керек. Егер 50 млн теңге аударғаны расталса, алданған ақша екені дәлелденсе, әнші Садраддин ар-ұят тұрғысынан халықтың ақшасын кері қайтаруы керек, – деді заңгер.

Еске салайық, Ілияс Сариевке қатысты ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Алматы полициясы оның үстінен 30-дан астам адамның шағымданғанын мәлімдеген. Қор жетекшісі қазіргі уақытта қамауда отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды