«Дүниеге 6 айлық болып келді»: Асқар Жүнісбеков шетінеп кеткен қызын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
29.02.2024, 18:06
2216
«Дүниеге 6 айлық болып келді»: Асқар Жүнісбеков шетінеп кеткен қызын есіне алды ашық дереккөзден

Қызының дүниеден өткеніне 10 жыл болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, көптен бері сахнаға шықпай кеткен Асқар Жүнісбеков өмірі мен өнеріне қатысты соңғы жаңалықтарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап жазды. 

Өнер иесінің айтуынша, сахнадан жырақтап кетсе де, жаңа әндер жазып жатқан көрінеді. 

“Жаңа әндер жазылып жатыр. Мен көп сұхбат бере бермеймін. Бала кезден назарда жүре бергім келмейді. Несібемді жан-жақтан тауып жатырмын. Той мен концерттерге шығып жүрмін. Репертуарымда 50-ге жуық ән бар. Бірақ халықтың соның 10 шақтысын ғана біледі. Жақында 40 жасқа толдым. Өзіме күн сайын есеп беремін. Екі баланың әкесі атандым”, – деді әнші. 

Одан кейін жеке өмірі туралы да сыр шертіп, үлкен сынақтан өткенін айтты. 

“Әйелім – тіс дәрігері. Жақында оқуын аяқтады. Екі ұлым бар. Үлкені музыкаға қызығады. Назарбаев мектебінде оқиды. Өнер жолын қуып жатса, батамды беремін. Бірақ басқа саланы игергенін қалаймын. Екі ұлдың ортасында қызым болған. 6 айлық болып туып, шетінеп кетті. Оның да дүниеден өткеніне 10 жыл толады екен. Есімін Әйгерім деп қойдық. Тағдыр. Үлкен сынақ болды. Тағдырға қарсы келе алмаймыз. Сынақ жай берілмейді ғой. Оның артында үлкен жақсылықты дайындап қойды деп қабылдадық", – дейді өнер иесі. 

Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО)