Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? – әнші Ақбота Керімбекова қазаққа ренішін айтты

Аиса Махамбет Редактор
01.03.2024, 16:55
1538
Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? – әнші Ақбота Керімбекова қазаққа ренішін айтты ашық дереккөзден

Әнші соңғы кезде өзін қинаған сауалдарға жауап іздеп, ойын жұртшылықпен бөлісті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әнші әлемдегі барлық қасірет пен апат адамдардың пейілінен келетінін ескертіп, жазба қалдырды.

«Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? Тілдеуге, жүндеуге келгенде ділмар-шешенбіз. Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз. Қай-қайсымыз, не істесек те жақпаймыз. Алланың жер бетіндегі өмірі әйтеуір бір сынақ екенін бәріміз білеміз. Бірақ ешнәрсе жақпайды, неге? Бәріміздің баратын жеріміз бір екені ақиқат. Жақсы сөз айтуға неге қиналамыз, қазағым-ау?

Жалпы, әлеуметтік желіні қарап, жүрегім ауырып, жазып отырмын… Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді деген ойым ғана. Атақ, даңқ, дүние, мансап - шетсіз-шексіз болып көрінгенімен, баяны, мәні жоқ ұғым ғой. Қолға ұстаса, суcып түсе салатын құм секілді. Ойымша, шүкір етпегенге өмір де күліп қарай қоймас», - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында.

Оқырмандары әншінің ойы дұрыс екеніне келісіп, әдемі сөйлеп, әдемі өмір сүру керектігін жазған. 

«Дұрыс айтасыз, жақсы сөз жарым ырыс деген аталарымыз», «Өз басым Ақботаның талантын , даусын өте жоғары бағалаймын. Ал, жеке өмірін талқылап, мін тағу құқы ешкімге берілмеген», «Біз сені жаксы көреміз. Айтатын жұрт айта берсін», «Боташым, «ит үреді,керуен көшеді!». Таразы басында тек жаратушы! Қара жаныңның амандығын тіледім» деді әншінің оқырмандары мен жақындары.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?