«Сынақ аяқтан шалды»: денсаулығы сыр берген Роза Әлқожа елді алаңдатты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
01.03.2024, 17:31
5523
«Сынақ аяқтан шалды»: денсаулығы сыр берген Роза Әлқожа елді алаңдатты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

«Дұшпан аяққа қарайды» деген сөзді тілге тиек етті әнші.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін хабарлап, жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Өнер иесі мұзда тайғанап құлап, ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Роза Әлқожа басынан өткен жағдайды Instagram парақшасында баяндап берді. Cөзінше, эстрада жұлдызы мұзда тайғанап құлап, аяғын жарақаттап алған. Өнер иесі денсаулығы сыр берген соң, бірқатар жоспары іске аспай қалғанын жеткізді. Ол өзіне қолдау білдіріп, гүл жіберіп жатқан жандарға алғысын айтты.

"Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жарылар, жан мен жүректі абайлайық! "Дұшпан аяққа қарайды" деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқ киімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кіналадым. Жасыма сай жазылар. Тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға рахмет!

Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый боп барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты! Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! "Сынықтың көңілін сұрамайды" десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын", - деп жазды Роза Әлқожа. 

Әнші бүгінде балдақпен жүруге мәжбүр екенін айтты.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?