Актерларды қор қылып жүр - Нұржұман Ықтымбаев Сатаев пен Қоянбаевты сынап тастады

Аиса Махамбет Редактор
02.03.2024, 16:10
7859
Актерларды қор қылып жүр - Нұржұман Ықтымбаев Сатаев пен Қоянбаевты сынап тастады ulysmedia

Еліміздің халық әртісі қазіргі танымал режиссерлердің жұмысы сапасыз екенін айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұржұман Ықтымбаев отандық кино саласы жайлы ойын ортаға салды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

“Тарихты білмейтін режиссер”

Қазақ киносының тарихында есімі дара аталатын Нұржұман Ықтымбаев кинорежиссер Ақан Сатаевтың бір киноны түсіруді аяқтамай, басқа фильмді жарыққа шығаруға қадам басуы қателік деп есептейді.

“Оның бір киносын да ұнатпаймын. Адам қиналмағаннан кейін, толғатпағаннан кейін жақсы дүние шықпайды. Қаншама ақша құйылды, нәтиже жоқ. “Алмас қылыш” фильмін ешкім іздеп көрмеді. “Томирис” фильмін білімі жоқ адамның өзі олай түсірмейтін еді. Ол тарихты, географияны білмейтін жігіт. Томиристің ордасы алтынмен апталған, күміспен күптелген сарай болған. Ол болса, қарапайым ғана жасай салған. Кирдің де ордасы дәл сондай. Кинода тіл жоқ. Әзірбайжан мен түрік жігіттерінен сұрап көріп ем, “адам түсінбейтін тіл” деп жауап қатты. Тіл жоқ жерде актер қанша жерден мықты болса да көзінен от көрінбей, жүрекпен сезініп ойнай алмайды”, – дейді ол.

“Комедия емес, далбаса”

Нұржұман Ықтымбаев Нұрлан Қоянбаев жайлы да пікірін білдірді.

“Комедия деген жылатып отырып күлдіретін жанр. Комедия өте терең, ауыр дүние. Астары мықты болуы керек. Қоянбаевтың түсіріп жүргені далбаса”, –  деді Н.Ықтымбаев.

Кино саласының ардагері режиссерлер актерларға жеңіл рөл беріп, қор қылып жүргенін айтты. Әйтпесе, елімізде талантты актерлер аз емес. Ол қос режиссердің киноларының сапасын ортадан төмен деп бағалады.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?