3077

«Ол жайлы ешкім білмейтін». Актриса Әсел Асқар сүйінші жаңалығын бөлісті

Көптің қолы жете бермейтін дүниені көрсетті.

«Ол жайлы ешкім білмейтін». Актриса Әсел Асқар сүйінші жаңалығын бөлісті
жеке Instagram парақшасынан

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, актриса және блогер Әсел Асқар оқырмандарымен өзінің instagram парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Актриса жер үй сатып алғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

"Сүйінші!
Алматының төрінде,
Алатаудың бөктерінде…
32 жастағы кішкентай ғана келіншек болсам да, ер азаматтардың көбісінің қолдарынан келмейтін үлкен іс жасап отыр, пысық қыздарың Аселёк. 6 жыл бойы ақша жинап жүрдім. Ол жайлы ешкім білмейтін. Ақырын ғана мақсатыма қарай жүрдім. Міне, бұл менің блогтағы көпжылдық еңбегімнің жемісі. Құттықтай берсеңіздер болады. Сендерге де жұғысты болсын", - деп жазды актриса.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор