«Микрофонға әрең жеттім»: Мақсат Базарбаев алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
07.03.2024, 17:55
1633
«Микрофонға әрең жеттім»: Мақсат Базарбаев алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алды бейнежазбадан алынған кадр

Сахнадан жиі көрінбей жүрген әншілердің бірі – Мақсат Базарбаев. Өнер иесі өнерден тыс немен айналысып жүргенін баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әншінің өнерде жүргеніне – 23 жыл. “Музарт” тобының негізін қалаушылардың бірі әрі экс солисі. 

“Бала күнімнен бері сахнада жүрмін. Алғаш рет сахнаға шыққаным есімнен кетпейді. “Сыған серенадасын” домбырамен айтатын болдым. Менің атымды хабарлап жатқанда ортаға микрофон әкелді. Соған аяғым дірілдеп әрең жеттім. Жеттім-ау дегенде әнімнің сөзін ұмытып қалдым. Домбырамды бір-екі минут шерткеннен кейін есіме түсті. 1998 жылы үлкен сахнаға шыға бастадым. Алғашында "Бауыржан шоу" театрында әнші, актер болдым. 2001 жылы "Музарт" тобын құрдым. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық. Ең алғаш "Сенің көзің" деген әнді жаздырдық. Студенттер арасында танымал болып, халық жақсы қабылдаса топтың ғұмырын жалғастырамыз дедік. Міне, топтың өмірі сүріп жатқанына – 25 жыл. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы, лидеріміз болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге дейін араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын, біргеміз. Байланыстамыз", – деп ағынан жарылды өнер иесі.

Өнер иесінің айтуынша, қазір мемлекеттік қызметкер. Мәдениет басқармасына қарасты “Алматы әуендері” ұжымында жұмыс істейтін көрінеді.

“Мемлекеттік қызметте жүрсем де, сахнадан қол үзбедім. Былтыр жұмыстың жанынан АҚШ-қа барып келдік. Ол жақтағы қандас бауырларымызға концерт қойдық. Наурыз тойын тойладық. Сол жақта екі жас үйленіп жатыр екен, келіннің бетін аштым. Беташарға бәрі доллар берді. Қазақ өнері мен үнін сағыныпты. Керемет естен кетпестей жиын өтті”, – дейді әнші.

Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді