Ұлытау облысында 25 елді мекенді су басуы мүмкін

10.03.2024, 10:14
607
Ұлытау облысында 25 елді мекенді су басуы мүмкін tengrinews.kz

Күн жылынған жағдайда өңірді су басуы әбден мүмкін дейді мамандар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысында 25 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы 24.kz арнасы жазды. 

Көбі Жаңаарқа ауданының ауылдары. Күн күрт жылынса елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Биыл өңірде қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде тоңның қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. 

Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр.

"Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15 наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтіледі. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған  жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады", - деді Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім басшысы Әлібек Әбілов. 

52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған