Академиялық адалдық лигасы еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады

12.03.2024, 17:59
775
Академиялық адалдық лигасы еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады bibliotemryuk.ru

Академиялық адалдық лигасы еліміздегі жо­ға­ры оқу орындарының рейтингін жариялады.  Бұл рейтинг білім беру бағ­дарламаларының тиімділік көрсет­кіштеріне негізделген.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

Биылғы жылдың топ-10 ЖОО төмендегідей: 

 

1. Нархоз университеті - 91,18%; 

2. Maqsut Narikbayev University - 90,28%; 

3. КИМЭП Университеті - 90,16%; 

4. Қазақстан-Британ техникалық университеті - 85,93%; 

5. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті - 78,84%; 

6. Astana IT University – 78,04%; 

7. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - 76,78%; 

8. Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті - 76,17%; 

9. Сүлейман Демирел атындағы Университет - 74,27%; 

10. Қазақстан - Германия университеті - 71,28%.

 

ЖОО-дың рейтингтегі орны - оның білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Тиімділік пайызын есептеу кезінде ұқсас бағдарламаларды ұсынатын басқа оқу орындарының санын ескере отырып, оның білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Айта кету керек, рейтингтегі алғашқы ондықтағы 7 ЖОО - жекеменшік университеттер, бұл Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде салауатты бәсекелестіктің бар екендігін айқындайды.

 

ЖОО позицияларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

 

Лига жариялаған рейтинг мынадай формула бойынша жүргізіледі: түлектердің орташа жалақысы, жұмысқа орналасу деңгейі және жұмыс іздеу ұзақтығы сияқты объективті көрсеткіштерді қамтиды, сонымен қатар сараптамалық бағасы мен мансаптық перспективаларын бағалау ескеріледі. Рейтингті анықтау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын университеттік оқу бағдарламаларының сапасы туралы ресми ақпарат пайдаланылады. Ақпаратты «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы жинап, өңдейді.

 

Рейтинг нәтижелері ақпараттық-талдамалық дашборд форматында ұсынылған. Оның көмегімен та­лапкер рейтингтегі жоғары оқу орындарының по­зицияларымен танысып қана қоймай, сондай-қа орташа жалақы, жұмысқа орналасудың орташа деңгейі және түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы бойынша жоғары оқу орындарының нақты білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Бұл университет пен мамандықты таңдау кезінде дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі.

 

Рейтинг нәтижелері ашық және кез келген қазақстандық ЖОО оны өзінің ресми веб сайтында орналастыра алады.

 

Соңғы үш жылдағы рейтинг нәтижелерімен Академиялық адалдық лигасының ресми сайтында танысуға болады.

 

Айта кету керек, академиялық адалдық Лигасына 17 қазақстандық ЖОО мүше. Лиганың мақсаты академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарын ілгерілету және елдегі білім беру сапасын арттыру. 

 

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады