Байлық салығы: елімізде 6 миллионға виски ішіп, бір данасы 10 мыңдық шылым шегетін байлар бар

15.03.2024, 14:09
855
Байлық салығы: елімізде 6 миллионға виски ішіп, бір данасы 10 мыңдық шылым шегетін байлар бар pibig.info

Бай адамдардан салықты да сәйкесінше байға лайықты сомада өндіріп отыру туралы мәселенің пайда болғанына бір жарым жылдан асты. Бұған Президент бастама көтеріп, өзінің халыққа Жолдауында келтірген еді. Содан кейін үкімет есеп-қисап жасады, бұл шараға дайындық жүргізді.

Елден ерек қымбат ғимараттары мен қымбат бұйымдары барларға, жеке ұшақ пен яхта ұстаушыларға, ірі акциялары барларға, бір шөлмегі миллиондаған теңгелік ішімдік, ал бір пәшкісі ондаған мың теңгелік шылым сататындарға, қолдары тағы осы сияқты зор игіліктерге жеткен бай-бағландарға арнайы салық нормасын енгізу көзделген. 2024 жылдың басынан салықтың осындай үдемелі бір түрі қолданысқа енді. Салықтағы мұндай өзгеріс жұмыс істеп келген болса керек.  Бастапқыда жылдық  табысы 40-50 миллионнан асатындардан сән-салтанат салығы өндірілетін болған.  

Дегенмен үкімет осы күні салық мәселесіне жаңаша ұстаныммен келіп отыр. Құжат тілімен айтсақ, салық төлемдерінің бірқатар түріне реттеушілік тұрғыдан болатын өзгерістердің қатарында сән-салтанат салығын арттыру да бар. Ұлттық экономика министрлігі сән-салтанат салығын арттыруды ұсынады. Нормативтік-құқықтық актілердің ашық порталында Салық кодексінің жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты қойылды. Құжат 27-наурызға дейін жария талқыға шығарылды. Осы құжаттың бір тұсы қымбат мүліктерге салынатын сән-салтанат салығына байланысты. 

Жеке адамның бүкіл байлығы мен жылжымайтын мүліктерінің жиынтық құны 130 мың айлық есептік көрсеткіш сомасынан асқан жағдайда оған салықтың ставкасы арттырылады. Мысал үшін айтсақ, елде 490 жеке тұлғаның  және 176 заңды тұлғаның яхтасы бар екен. Жеке ұшақтардың саны одан да көп. Жекеменшікте 248, ал заңды тұлғаларда 665 ұшақ бары есептелген. Тіпті ұшақтарды жалға беруді жолға қойған кәсіпкерлер де бар. Яхталар мен ұшақтардың үлкендігіне қарай салығының сомасы да ұлғаяды. Ұзындығы 5 метрден асқан яхталар сән-салтанат салығын өндіру нысанына жатқызылады. Яхта 10, 20, 30 метр болуы мүмкін, салығы да соған сәйкестендіріледі. Сән-салтанат салығы әлемнің көптеген елдерінде бар көрінеді. Грекияны алып қарасақ, созымдылығы 12 метрге дейінгі үсті ашық яхталарға ұзын-қысқасына қарай салынатын салық 780 евро мен 2340 евроның арасы. Ал ұзындығы 12 метрден асса салық та артады. 

Яхталар мен ұшақтардан бөлек, елімізде құны жүздеген миллион теңге тұратын зәулім үйлері, үлкен соманы құрайтын алтындары мен бриллианттары, антиквариат бұйымдары мен картиналары барлар салықтың жаңа тәртібіне тартылады.  Бұл санатқа аса қымбат бағаланатын тауарларды шет елдерден әкеліп сататындар да енгізілген. Мысалы, қымбат арақ-шарап пен шылымның бағалары жайлы естігенде ішегіңізді тартып, кәдімгідей сұқтанып қаласыз. Жоғарыда айтылған құжатта  ішімдік пен шылымның қымбат түрлеріне акциздер салу ұсынылды. Жартылықтан сәл көп, ал бір литрден сәл аз, яғни 0,70 литр «MACALLAN 50YO» деген құны 5 миллион 995 мың 968 теңге вискидің әр шишасына белгіленген акциздің сомасы 714 теңге,  «Cognac Remy Martin Louis XIII» деген коньяктың 4 миллион 225 мың 131 теңге тұратын әр үш литріне акциз сомасы 300 теңге, «Сhateau Petrus» деген шараптың 888 мың 929 теңге тұратын 0,75 литрі үшін акциз сомасы 26 теңге. Осындай қымбат ішімдіктер алыс шет елдерден әкелінеді. Бизнесмендер бес-он шишалап емес, жүздеген-мыңдаған жәшіктеп тасыса, сәйкесінше салық та көзге көрінетіндей көп өндірілсе керек. Шылым да осындай. Мысалы, «Cohiba» деген шылымның 15 данасы 143 мың 100 теңге, «Don Antonio Churchills» деген шылымның 40 данасы 120 мың теңге. Бұларға да акциз сомасы көбейтіледі. Жалпы, осындай қымбат ішімдіктер мен шылымдар әкелініп сатылып жатқанына қарағанда, біздің қоғамымызда бұған деген сұраныс бар. Миллиондаған теңгеге виски, коньяк немесе арақ-шарап алып ішу үшін, сондай-ақ құны 100 мың теңгеден асатын шылым шегу үшін қандай адам болу керек?! Мәртебелі қонақтарын күткен байлар болмаса, жай адамның мұншама ақшаға арақ ішіп, шылым тартпайтыны белгілі. Салыстырып қарасаңыз бір шиша вискидің құны 500 мың теңге жалақы алатын бір адамның бір жылдық табысымен теңеседі екен. Міне, бізде осындайды бұйым құрлы көрмейтін байлар бар. Егер жоқ болса, мұндай қымбат тауарларды ешкім әкеліп сатпаған болар еді. Несі бар, байлардың көп болғаны да жақсы. Бай көп болса ырыс та артады. Көп салықтан көп қазына жиналады. Дүниежүзілік банктың өзі біздің елімізге сән-салтанат салығын енгізуді ұсынған. 

Өткен жылы Ұлттық экономика министрлігі көбейтілген салық құнына қатысты бір шешімге келген еді. Енді біраз өзгерістер жасалады, сән-салтанат салығы көбейтіледі. Бұдан былай құны 50 миллион теңгеден асатын көлік иелері мен 10 және одан да көп пәтері барлар да көбейтілген салық төлейді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды