Ұлттық киім: Ежелгі бабаларымыз өзгелерден ертерек киінген

20.03.2024, 12:25
1250
Ұлттық киім: Ежелгі бабаларымыз өзгелерден ертерек киінген коллаж: smartnews.kz

Сонымен он күндік Наурызнама жалғасып жатыр.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Өткен демалыс күндерінің 16-шы наурызы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, ал 17-ші наурызы Шаңырақ күні деген мәртебеге ие болды. Бұл күндер өздерінің мәніне қарай лайықты деңгейде ұлттық нақышта атап өтілді.   

16-шы наурыз мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүрдің насихатына арналды. Суретшілердің, мүсіншілердің туындыларының тұсаукесерлері өткізілді, айтыс ұйымдастырылды. Мәдениет пен салт-дәстүрдің ұлтты ұйыстырудағы маңызы ерекше. Ұлтты ұлт ететін де оның тілі ғана емес, мәдениеті мен өнері және салт-дәстүрі мен ұлтына ғана тән дүниетанымы. Наурызнаманың аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шараның бәрі халыққа осындай ұлттық құндылықтарды тереңінен сезінуге мүмкіндік туғызып жатыр.

17-ші наурыз Шаңырақ күні деп аталды. Шаңырақ – аясы кең ұғым. Бұл ұғымның аясына халқымыздың көптеген құндылықтары сыйып кетеді. Солардың ең бастысы отбасы, береке, өнеге мен тәлім-тәрбие, еңбек, жылы қарым-қатынас құндылықтары. Шаңырақ күні жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсетуге, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға арналды.

Ал бүгінгі 18-ші наурыз – Ұлттық киім күні. Әрине, ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүкіл ұлттың бет-бедерін айқындайтын нәрсе. Бұл күні өңірлерде ұлттық киім күндері өткізілді, кей жерлерде киім дизайнерлерінің байқауы ұйымдастырылды. Мақсат – қазақтың ұлттық киім үлгілерін насихаттау.

Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан жан-жақты хабардар етеді. Ол бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Мағынасы кең, бағасы асыл киім-кешектерімізді өсіп келе жатқан жас ұрпаққа насихаттаудың мәні зор.

Қазақтың ұлттық киімдері өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Себебі ұлттық киімдеріміз қонымды, әдемі болуымен қатар өте ыңғайлы болып келеді. Ұлттық киімдеріміз етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп-тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген. Сондықтан Ұлттық киім күнін белгілеп, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерімізді ұлықтаудың маңызы да үлкен.

Біздің даламызда киім кию өзге жердегілерден ертерек басталса керек. Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу дамыды. Иықтан және мықымнан киілетін киім түрлері пайда болды. Адамдар мал, аң терісін илеуге, жүн иіруге, тоқыма тоқуға, бояу жасауға, тас күйдіріп металл өңдеуге қол жеткізген дәуірлерде киім-кешек түрлері де көбейе түсті. Көшпелі қазақтардың ішкі-сыртқы киімдері жүріп-тұруға, көшіп-қонуға ыңғайлы етіп тігілген. Шалбардың тарихы тым ерте кезеңнен бастау алады. Атқа мініп-түсуге, малдас құрып отыруға өте қолайлы етіп тігілген. Құлын және киік терісінен тігіліп, кестеленген жас жігіттердің бешпенті, шалбары жиі қолданылған. Балағы жырық кең шалбарды қазақта қарттар, үнемі ат үстінде жүретін аңшылар, сал-серілер, ақын-жыршылар киген. Қыздар киген кең балақ шалбар қарапайым пішіліп, балағын жинастырып байлайтын бау тағылған, ышқырына да бау таққан.

Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалған. Олар өкшелі  және өкшесіз болып келген. Әйелдердің ұлттық киімі нәзік, сәнді көрінген, ерекше әшекейленген.

Қазақтың ұлттық киімдерінің түрі де, аты да өте көп. Киімнің мұншалықты көп аталуы өзге ұлттарда кездеспейді. Мысалы, бір ғана бас киімнің жиырма шақты түрі бар. Олар – тымақ, бөрік, түбіттен тоқылған бөкебай бас киімі, тақия, қасаба, қалпақ, төбетей, құлақшын,  жалбағай, сәукеле, сәлде, желек, жыға, күләпара, күндік, жаулық, кимешек, шалма, шәлі. Іш киім, сырт киімдердің, аяқ киімдердің түрлері мен аттары бұдан да көп. Әрі жылдың әр маусымына арналып тігілетін болған. Алыстағы өзге ұлыстар, соның ішінде Еуропа халықтары да былғарыдан аяқ киім жасап киюді біздің даланың адамдарынан көріп үйренген көрінеді. Жанымыздағы орыстың өзі біздің ата-бабамызға қарап киінген еді. Пима деген әуелде бізде болды. Орыстың валенки дегені пимадан әлдеқайда кейін пайда болды.

Қысқасы, ұлттық киімдерімізді қанша дәріптесек те, насихаттасақ та артықтық етпейді.  

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді