Аламан бәйгеде соғысқа салатын аттар іріктелген

20.03.2024, 12:44
888
Аламан бәйгеде соғысқа салатын аттар іріктелген azattyq-ruhy.kz

Наурызнаманың бүгін Ұлттық спорт күні.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. 

Ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрлерін сақтаған халықтардың бірі – қазақ халқы. Елімізде ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау мен жастарды оған қамту жұмысы жолға қойылған дей аламыз. Барлық өңірлерде бапкерлер, ипподромдар жұмыс істейді, бюджеті де жыл сайын қаралады. 

Қазақтың барлық ұлттық спорттары мен ойындары шапшаңдыққа баулиды және олар жылқымен байланысты. Біздің ұлттық спортымыздың артықшылығы да сонда. Көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз қуу, теңге ілу дейсіз бе, бәрі жылқы үстінде атқарылады. Мұнда спортшы ғана емес, ат та бапталады. Аттардың арнайы бапкерлері мен атбегілері болады. Жылқымен байланысты емес ұлттық ойындар мен спорт түрлері де баршылық.

Дегенмен біз бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, ұлттық спорт түрлерінің ішіндегі бәйгеге арнайы тоқталуды жөн көрдік. Себебі ұлттық ат спортына қадам жас бала кезден бәйге атымен шабудан басталады. Ұзаққа межеленген бәйге аттарына жеңіл, жас балаларды отырғызатын болған. Оған ептілік, шымырлық керек. Міне жас бала алты-жеті жасында-ақ бәйгенің атымен шауып шынығады, ал өсе келе шабандоз, көкпаршы болып шығады. Әрі бәйге мен аламан бәйге қазақ халқының ұлттық спорт ойындарының ішінде бірден-бір көп тарағаны.

Ертеде бәйге тегіс жазықтарда өтпеген. Бәйгені ойлы-қырлы сүрлеулер мен бөгеті бар киын жерлерде өткізген. Бұлай ету атқа да, үстіндегі балаға да сын болған. Ат та ширайды, бала да дағды алады, аттың құлағында ойнайтын болып өседі Аламан бәйге ертеде өте алыс қашықтыққа өткізілетін болған. Қазіргі уақытта аламан бәйге жарыс ережесі бойынша 25 шақырымдық қашықтықта өткізіледі. Жарысқа 7 мен 14 жас аралығындағы шабандоз балалар қатысады. Әдетте мұнда бәйгелер үшін жеңіл салмақты, шымыр балалар таңдап алынады. Балалар ұзақ қашықтыққа шапқанда аттың күш-қуатын реттеп, сақтап шабуды да үйренеді.

Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады. Қазақстанда бәйгені кеңінен тарататын мүмкіндік көп, аттарды өсіретін арнаулы жылқы заводтары жұмыс істейді.

Ертеде үлкен ас-тойларда ұзақ қашықтыққа жүйріктер жіберіліп, бәйге дәстүрі үнемі жаңғырып отырған. Мысалы, 1886 жылы Ереймен өңірінде өткен Сағынайдың асындағы бәйгеге 1300 жүйрік қосылған. Бұларды Қызқашқанның етегінен жіберіп, Жыланды өзекті өрлете шаптырып, Қусақ көлін айналдырып ұстаған. Бұл қашықтық шамамен 50 шақырымды құраса, 1897 жылы Торғай өңірінде өткен Бектас байдың асында ат бәйгесіне 400 жүйрік қосылып, оларды Әзірбай қопадан 55 шақырым жердегі Сорбұлақтан жіберген. Бірінші жеткен аттың бәйгесіне егесі 100 жылқы алған. Мұндай 50-55 шақырымдық қашықтыққа тек қазақы тұқымдас жылқы ғана шыдас береді. Қазіргі уақытта жылда ұйымдастырылып жүрген аламан бәйгелер дәстүрді жаңғырту екені сөзсіз.

Өткен заманда бәйге үлкен-кіші ас-тойларда ұйымдастырылып, бәйгенің билігі беделді ақсақалдарға жүктелген. Ас-тойды басқарушы адамды «Кіреші» деп атаған. Ол барлық ат ойындарының, оның ішінде бәйге, аударыспақ, көкпардың әділ өтуіне жауапты болған. Ат жарысы басталар алдында, басына қызыл орамал байлап, қолдарына бақан ұстаған адамдар жар салып, жүйріктерді бір жерге жинайтын болған. Оларды «Ат шығарушылар» деген. Бәйгеге қосылған жүйріктерді, бәйге шабар немесе ат шығар жерге дейін аман-есен жеткізуге тағайындалған адамды «Ат айдау­шы» деген. Шауып келген жүйріктерді ұстайтын жерді «Көмбе» деп атаған. Көмбеге жүйрік аттарды тосып алуға ыңғайлы, биіктеу, айналасы толық көрінетін қыратты жер таңдап алынған.

Көптің алдынан жүйріктер тізіліп өткен тұста атбегілер бәйге аттарының бабын байқап, аяқ алысын аңдап, қай жүйріктің маңдайы жарқырап, озып келерін алдын-ала ойша тапқан. Дәл тапқан адамның атбегілік өнері жоғары бағаланған. Оларды сыншылар деп атаған.

Бәйгеден озып келген жүйрікке міндетті түрде жүлде беріледі. Жүлденің түрі көп. Тарихи деректерде тоғыз тайтұяқ алтын, тоғыз күміс жамбы немесе тоғыз түйе, тоғыз құлынды бие, тоғыз мауыты кілем, тоғыз торқалы киім, тоғыз мақпал киім, тоғыз тон, тоғыз шапан, тоғыз торпақ сияқты тоғыз түрлі бұйым берілген. Егер осы бір тоғыздан біреу берілсе «бір тоғыз» немесе тоғыз­дан үшеу берілсе «үш тоғыз» деп атаған. Тіпті бай-дәулетті әулеттер тоғыз тоғызға дейін бәйге беретін дәстүр болған.

Аламан бәйгенің ежелгі қалыптасу мақсаты жауынгерлік жорық кезінде жақсы аттарды таңдап алып, ұзақ жорық-шабысқа іріктеу үшін ұйымдастырылған. Аламан бәйге кезінде ат үстіндегі шабандоз баланың төзімі, тақымының мықтылығы да сынға түседі. Осы арқылы қазақтар атүсті сайысқа мықты жауынгер ұлдарды тәрбиелеген..  

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады