Әз-Наурыз: Мереке аясындағы аса маңызды Қайырымдылық күні

20.03.2024, 15:51
503
Әз-Наурыз: Мереке аясындағы аса маңызды Қайырымдылық күні canva.com

Биыл Наурыз мерекесі ерекше атап өтілетіні жан-жақты айтылып жатыр. Он күн тойланатын мерекенің әр күнінің өз мәні мен мәйегі бар.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Мерекенің әр күні халықтың әр қилы дәстүрлеріне негізделген. Наурыз мерекесінің аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады. Бұл күн  қоғамға қайырымдылық көрсету мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын паш етеді. Қайырымдылық қазақтың тұрмыс-тіршілігіне тән нәрсе болғандықтан мемлекеттік саясаттың да ажырамас бөлігі болып қалыптасқан. Қанға сіңген қайырымдылық пен тату көршілікке ұмтылу әсіресе зұлмат кезеңдерінде толығымен көрініс тапты. Ел ішінде сондай ауыр кезеңде мейірім-шапағат, қайырымдылық, адамдардың жақындығы жоғалған жоқ, керісінше, арта түсті. Мейірім мен қайырымдылықтың арқасында халық өзінің бет-бейнесін сақтады. Ал орталықтың солақай саясатының пәрменімен жер-жерлердегі түрлі ұлттардың өкілдері қазақ жеріне күштеп көшірілген заманда қайырымы басым қазақ халқы мыңдаған жат жұртты өзінің жанына сыйғызды. Жан-жақтан эшелон-эшелон болып ағылып келген өзге ұлттардың адамдарын қазақ халқы қырылып қалудан аман алып қалды. Халықтың өзі аса ауыр халде болса да күштеп қоныстандырылған өзгелермен баспанасын, бір үзім нанын бөліп жеді. Қазақ қайырымдылығының теңдессіз мысалы – осы деуге болады. Сол халықтар өсіп-өнді, Қазақстанды өзінің отаны деп сезінді. Бұл үрдіс осы күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Қазақстанда осы күні тұрып жатқан жүзден аса ұлт өкілдері қазақтан көрген қайырын ұмытпайды, өздері де қайырымды этносқа айналды. Қазақтың тату-тәтті көршілік қасиеті оларға да жұғысты болды. Өзге ұлттардың өкілдері барлық қалаларымыз бен ауылдарымызда қазақтармен тату-тәтті көрші тұрып, ағайындай араласады. Осындай жарқын ахуал әсіресе Наурыз мерекесінде паш етіліп, ұлттардың достығы мен бір-біріне деген қайырымдылығы және тату көршілігі бұрынғыдан да нығая түседі.

Осы қайырымдылық пен тату көршілік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында мықтап қалыптасқанын жоғарыда айттық. Қайырымдылық ішкі саясаттың өзегі деуге де болады. Мемлекет тарапынан мұқтаждарды қолдау, көмектесу, қарттар мен балаларға қамқорлық, жетімдерге пана болу, тұрмысы төмендерге қол ұшын созу жыл он екі ай тоқтамайды. Мемлекет тарапынан бөлек, толып жатқан қайырымдылық ұйымдар, жеке меценаттар мен кәсіпкерлер де жоқ-жітік пен мұқтаждарға көмектесуге асығып тұрады. Ал тату көршілік дегеннің өзі халықтың қанына сіңген қасиет болумен қатар мемлекеттің сыртқы саясатының да өзегіне айналған. Мемлекет барлық уақытта өзге мемлекеттермен арадағы қатынасты тату-тәтті көршілік ұстанымымен жүзеге асырып келеді. Бұл жерде халық пен мемлекет бір-бірін толықтырып, бір-бірін рухани жағынан байытып отыр деуге де келеді.

Құндылықтарымыздың ішіндегі қайырымдылық, мейір-шапағат, татулық қасиеттерді Наурыз мерекесінде насихаттау өскелең ұрпақ үшін керек нәрсе. Сол себепті мерекеде Қазақстанның барлық өңірлерінде, ондағы қалалар мен ауылдарда қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады, тату көршілік паш етіледі. Осындай өнеге көрсетіледі. Мысалы, Астана қаласында 15-наурызда Алматы ауданындағы коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ, мерекелік сусын – Наурыз көже таратылады, «Жанашыр» қарттар үйінде, екі көпшілік кітапханасында, Қуыршақ театрында, «Жастар» театрында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Қалада 180-ге жуық мұқтаж адамға азы-түлік жиынтығы беріледі. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қала тұрғындарына бауырсақ пен шоколад таратады. Ал кешке Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Наурыз айы туғанда» атты концерт өтеді.  

Шамамен осы сияқты іс-шаралар елдің барлық өңірлерінде белгіленген. Қайырымдылық акциялары, мәдени-көпшілік мейрам мен қайырымдылық концерттер, балаларға арналған ойын-сауық орындары, көпшілік жиналатын жерлерде адамдарға дәм беру, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек ұйымдастыру сынды мерекелік шаралар 15-наурызда барлық жерде өтеді.

15 наурыз күні Наурыз мерекесін тойлаудың маңызды бір күні ретінде осындай мән-мағынаға толы болып, ізгілік пен қайырымдылықтың және мейірімділік пен татулықтың шынайы көрінісіне толы болып дүркіреп өтеді. 

Ендеше мерекелік көңіл көкжиектеріңіз асқақтай берсін.

Наурыз мерекесін лайықты атап өтуде Қазақстан өзге түркі халықтарына   үлгі-өнеге болып жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін.       

«Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты