«Әкеме несие алғыздым»: 19 жастағы алматылық қыз бұрынғы жігіті зорлағанын, артынша миллиондап қарызға батырғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.03.2024, 17:17
3037
«Әкеме несие алғыздым»: 19 жастағы алматылық қыз бұрынғы жігіті зорлағанын, артынша миллиондап қарызға батырғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Алматыға оқу оқимын деп келген шымкенттік 19 жастағы қыз жігітке қорланып, артынша миллиондаған ақшаға алданған. Бинұр есімді бойжеткен оқиғасын әлеуметтік желіде айтып беріпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мағжан есімді жігіт Бинұрдың талып қалғанын пайдаланып, оны зорлап кеткен. Ары тапталған қыз ұятты алдыға қойып, құқық қорғау органдарына жүгінбей, сол жігітпен отбасылы болуды ойлаған. Жігіт қызды алдап-соғып, миллиондап несие алғызған көрінеді. Мұндай сынақты көтере алмаған Бинұр өзіне жеті рет қол салмақ болған екен.

Бинұр Жұмағалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінің мұғалімі мамандығында 3-курс оқитын. Ол кафеге даяшы боп жұмысқа кіріпті. Сол кезде Мағжан деген әріптесімен танысқан.

Айта кететін жайт, қыздың неврологиялық ауруы бар екен. Оған нейроциркуляторлы дистония, яғни эпилепсия диагнозы қойылған. Соның кесірінен ол жиі талып қалады.

“Жұмысқа кіргеніме 1 апта болған еді. Мамырда жұмыстан кешкі 21:00-де шығып, құрбымды күтетін кезде Мағжан шығарып саламын деді. Екеуміз құрбымды Атакент маңындағы саябақта күтетін болдық. Сол кезде өзімді жайсыз сезініп, талып қалдым. Оянсам, киімім, яғни хиджабым шешулі болды, Мағжанның үстінде жатыр екем. Ол темекі шегіп отырды, соның иісіне тұншығып, астмам асқынып, судорог алдым. Ол досын, одан соң жедел жәрдемді шақырды”, – деді бойжеткен.

Алғашында жігіт құйтырқы әрекетін мойындамай, кейін шындығын айтыпты. Ол қыздан кешірім сұрап, “үйленеміз” деп уәде берген. Абыройынан айырылған қыздың осыған келісуден басқа амалы болмаған. Осылай екеуінің махаббат хикаясы басталып, олар қыз-жігіт болып жүре бастаған. 

Айтуынша, жігіт түзу емес әрекеттерінің кесірінен жұмыстан шығып қалған. Осыдан кейін қызға қаржылық мәселелері көп екенін, қарызға белшесінен батқанын айтып, одан көмек сұрапты. Қыз аяушылықпен қарап, өз әкесінен өтініп, 800 мың теңге несие рәсімдеген. Жігіт несиені төлеп беруге уәде еткенімен, бірде-бір рет ақша төлемеді дейді. Онысымен қоймай, Мағжан оқу ақысын төлеу керек деп тағы 500 мың теңге сұрапты. Қыз оның 200 мыңын аударып, 300 мың теңгені қолма-қол берген көрінеді. Одан бөлек азды-көп ақша сұрауды әдетке айналдырған. Кейін оның құмар ойынға ақша тігетіні белгілі болды дейді қыз.

Алғашында үйленеміз деп уәде берген жігіт түрлі сылтаулармен некелесуді кейінге қалдыра берген. Бір күні 19 жастағы қыз жүкті екенін біледі. Осы кезде Мағжан оған түсік жасап, баланы алдыртуға көндірмек болады. Десе де денсаулығына байланысты 1,5 айлығында бала түсіп қалған. 

Екеуінің арақатынасы қаңтарда тоқтаған. Қарызын қайтармай, намысын аяқ-асты еткен Мағжанның әрекетін Бинұр өз парақшасында айтып, көпке бөліскен. Осы үшін Мағжан оның үстінен “жала жабу” бойынша арыз жазған. 

Амалы таусылған студент қыз Жетісай маңындағы Жылысу ауылына жігіттің үйіне барып, оның жақындарынан көмек сұрайды. Ол отбасы үйленуге көндіреді деп ойласа керек. Бірақ Мағжанның екі әпкесі қызды қуып жіберіпті.

“Осы кезде көліктің астына түскім келіп, көлікке қарай жүгірдім. Бірақ әпкелерінің бірі көріп, мені көлікке отырғызып жіберді. Мен өмірден түңіліп, бәрі бітті деп жүріп келе жатқан көліктен секірдім. нәтижесінде Сарыағаш травматологиялық пунктіне жарақаттармен түстім”, – дейді ол.

Жігіттің ата-анасы 3 миллион теңгені Мағжан алды дегенге сенбейді. Айтуларынша, олар бұл ақшаны бірге жұмсап, қыдыруға, пәтер жалдап тұруға жұмсаған. Олардың мұның бәрі жастықтың буымен болды деп ұлдарын қорғады.

“Осылай шығу арқылы басқа қыздарға сабақ болсын дедім. Басқа жан Мағжанға ұрынып қалмасын, тіпті Мағжан емес, осындай альфонс жігіттерге алданбасын деп айтқым келеді. Бізде көбі “ұят” деп айтпай қалады, ал қаскөй өзінің жазасыз қалатынын біліп, одан сайын құйтырқы әрекеттерін жалғастырады”, – деді Бинұр.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?